Жаңалықтар

АҚШ 34 тонна қару-жарақ плутонийін қайта өңдеуді жоспарлап отыр

Фото:1news.az

Америка Құрама Штаттары 34 тонна қару-жарақ плутонийінің артық қорларын әскери мақсатта пайдалану мүмкіндігін сақтап қалуға ниетті, деп хабарлайды АҚШ Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасы (NNSA).

Бастапқыда бұл 34 тонна қару-жарақ плутониийін электр энергиясын өндіру үшін атом электр станциясының отынына (МОКС отыны деп аталады) айналдыру қажет болған. Реакторда қолданғаннан кейін плутоний өзінің қасиеттерін толығымен жоғалтады. Алайда NNSA кіретін АҚШ Энергетика министрлігі бұл әдісті 2018 жылы қолданудан бас тартты.

Плутоний – өндірісте кеңінен қолданылатын радиоактивті химиялық элементі ядролық қару.

NNSA мәліметтері бойынша, қазіргі кезде АҚШ қару-жарақтың артық плутонийін сұйылту, оны басқа заттармен араластыру арқылы жоюды жоспарлап отыр. Дегенмен теориялық тұрғыдан бұл әдісті қолданатын болса, плутонийді қайтадан ядролық материалға айналдыру мүмкіндігі бар. Ал бұл – өте қауіпті.

Қару-жарақ плутонийінің артық мөлшерін жою мақсатында АҚШ Оңтүстік Каролина штатындағы Саванна өзеніндегі NNSA нысандарында, Нью-Мексикодағы Лос-Аламос ұлттық зертханасында (LANL), Техастағы Pantex зауытында жаңа өндіріс орындарын салуды немесе қолданыстағы өндіріс орындарын өзгертуді жоспарлап отыр.