Үндістаннан Ресейге ұшып шыққан ұшақ Ауғанстанда апатқа ұшырады
Жарияланды
(жаңартылды )
Үндістаннан ұшатын Falcon 10B жолаушылар ұшағы алдын-ала бағытынан ауытқып, Ауғанстанда апатқа ұшырады.
Ақпаратқа сәйкес, бортта алты адам – экипаждың төрт мүшесі мен екі жолаушы болған. Олардың екеуі ресейлік екені белгілі болды.
«Росавиация»-ның мәліметінше, ұшақ «Атлетик Групп» ЖШҚ-ға және жеке тұлғаға тиесілі.
Апатқа ұшырамас бұрын ұшқыш техникалық ақаулар барын хабарлаған. Әуе кемесінің екі қозғалтқышы істен шыққан.
Бұған дейін Ауғанстанның Aamaj News басылымы Бадахшан провинциясында Мәскеуге бара жатқан үнді жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлады. Кейін Үндістанның әуе министрлігі апатқа ұшыраған ұшақ Мароккода тіркелді деп бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.