Қазақстандық сарбаздар әскерден соң магистратураға түсе алады
Қазақстандық сарбаздар әскерден соң магистратураға түсе алады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің telegram арнасы хабарлады.
«ҚР Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметін өтеген жастарға магистратураға оқуға түсу үшін жеңілдіктер қарастырып жатыр. Жоғарғы оқу орнын бітіріп бір жыл әскери борышын өтеген соң ешқандай емтихан тапсырмай ақылы түрде магистратураға түсе алады. Бірақ біз қазіргі кезде ЖОО-нын бітіріп, әскери қызметін өтеген жастарға магистратураға мемлекеттік грант беруді қарастырып жатырмыз. Бұл жеңілдіктер жастар үшін әскерге баруға қызығушылығын тудырып жатыр», – деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің telegram арнасы.
Айта кетейік, мерзімді әскери қызметін өтегендерге жоғары білім алуға жеңілдік берілетін болады деп хабарлаған болатынбыз.