Air Astana әуекомпаниясында рейстер саны қысқаруы мүмкін
Air Astana әуекомпаниясында рейстер саны қысқаруы мүмкін. Бұл туралы Halyk Finance компаниясының аналитикалық есебінде айтылған. Әуе компания Pratt&Whitney қозғалтқыштарындағы ақауларға байланысты 17 ұшақты рейстерден алып тастауы мүмкін.
«Air Astana-ның 17 ұшағында (компанияның авиапаркінде 49 ұшақ) Pratt&Whitney қозғалтқыштары орнатылған. Олар 2024 жылы техникалық тексеруге жіберілуге тиіс. Бұл компанияның рейстерінің қысқаруына әкелуі мүмкін»,– делінген Halyk Finance есебінде.
2023 жылдың шілде айында Pratt & Whitney кейбір қозғалтқыш бөлшектерін жасау үшін қолданылатын металл ұнтағының сирек жағдайы туралы хабарлады. Бұл жоғары қысымды турбинаның бірінші және екінші сатыдағы дискілерді жарып, оларды істен шығаруы мүмкін.
Бұл мәселе GTF PW1100G-JM және pw1400g-JM қозғалтқыштарына қатысты. Ол бүкіл әлем бойынша көптеген авиакомпанияларға әсер етті. Бұл қозғалтқыштар A320 және A321 ұшақтарында орналастырылған.
«Нәтижесінде авиакомпаниялар осы қозғалтқыштары бар барлық ұшақтарды тексеруге жіберуге мәжбүр», – дейді сарапшылар.
Айта кетейік, Қаржы нарығының сарапшылары Air Astana қанша тұратынын есептеп көрген. Freedom өкілдері компанияның IPO-ға дейінгі құны 453-575 млрд теңге ($1-1,26 млрд) деп тұжырымдайды. Ал IPO-дан кейінгі бағасы 481-625 млрд теңге немесе 1,06-1,37 млрд долларға жетуі мүмкін.
Сонымен қатар Air Astana әуе компаниясының басшысы Питер Фостер FlyArystan компаниясы тәуелсіз компанияға айналмайды деп мәлімдеді.