Жаңалықтар

Күнсұлу Закария жаңа қызметке тағайындалды

Күнсұлу Закария жаңа қызметке тағайындалды/ Фото:nege.kz

Күнсұлу Закария Президенттің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.

Сонымен қатар Ақылбек Күрішбаев Ұлттық ғылым академиясының президенті болды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды»,  – делінген Ақорда баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, бүгін Президент Ұлттық қорғаныс университеті басшысын ауыстырды. Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымын атқарған Лұт Сапуұлы Әлшекенов қызметінен босатылды. Ал оның орнына Асқар Досбосынұлы Мұстабеков ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды.