Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қорғаныс университеті басшысын ауыстырды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымын атқарған Лұт Сапуұлы Әлшекенов қызметінен босатылды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Лұт Сапуұлы Әлшекенов Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымынан босатылды»-делінген Ақорда сайтында.
Сонымен қатар, ҚР Ұлттық қорғаныс университетіне жаңа басшы тағайындалды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды»-делінген баспасөз қызметінде.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталғаны туралы ақпарат тарай бастады. Онда Ұлттық қорғаныс университетінің алаңында тұрған Қазақстанның тұңғыш президентінің ескерткіші алынғаны туралы айтылған. Бұл ескерткіш 2020 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойына арнап қойылған болатын.
Бұл ақпаратты нақтылау үшін Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сауал жолдадық. Министрлік мәлімдеуінше, Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында ҚР Тұңғыш Президенті ескерткішінің демонтаж жасалуына университет атауының өзгеруі себеп болған.