Жаңалықтар

NCOC наурыз айында басқарушы директордың ауысатынын хабарлады

NCOC наурыз айында басқарушы директордың ауысатынын хабарлады/ Фото:Конденсат

North Caspian Operating Company (NCOC, Қашаған операторы) компанияның басқарушы директоры наурыз айында ауысады. Бұл лауазымға қазіргі уақытта «Қарашығанақ  Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының бас директоры Джанкарло Рую келетінін хабарлады.

«NCOC компанияның жоғары басшылығының құрамындағы алдағы өзгерістер туралы хабарлайды. 2024 жылы наурыз айында Джанкарло Рую NCOC компаниясының жаңа басшысы ретінде Басқарушы директор міндеттерін Оливье Лазардан қабылдайды»,  – делінген хабарламада.

Оливье Лазар NCOC компаниясына 2021 жылғы маусымда құрлық және теңіз жобалары шеңберінде геологиялық барлау, мұнай өндірісі және газ саласында жинақтаған мол тәжірибесімен келген. Ол Shell компаниясында 35 жылдан астам қызмет атқарған.Оның басшылығымен NCOC Қашағанда алғашқы 100 млн тонна мұнай өндірді.

Компанияның мәліметінше, жақында іске қосылған сарқынды су тазарту қондырғысы өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Компания шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру және жергілікті қамту салаларында рекордтық көрсеткіштерге жетті.

Джанкарло Рую Қазақстанда және шет елдерде мұнай және газ кен орындарын басқару стратегиясы бойынша мол тәжірибе жинақтады. Осы қызметке дейін өндірістің, кен орындарын барлаудың, игерудің және пайдаланудың, сондай-ақ бизнесті дамытудың толық барысын қамтитын жауапты лауазымдарды атқарған.

North Caspian Operating Company (NCOC, Қашаған операторы) консорциумының акционерлері KMG Kashagan B. V. (16,9%), CNPC Kazakhstan B. V. (8,3%) және Inpex NorthCaspian Sea (7,6%), Shell Kazakhstan Development B. V., total EP Kazakhstan және ExxonMobil Kazakhstan.

Қарашығанақ кен орнын игеруді «ҚазМұнайГаз» (10%), Shell (29,25%), Eni (29,25%), Chevron (18%) және «Лукойл» (13,5%) құрамындағы Karachaganak Petroleum Operating (KPO)консорциумы жүзеге асырады.