24 қаңтарда елімізде теледидар мен радио уақытша өшіріледі
Жарияланды
(жаңартылды )
«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын тарату мекемесі еліміздегі теле-радиохабарларын таратуды уақытша тоқтатады. Бұл 2024 жылдың I тоқсанына жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты деп хабарлады kazteleradio.kz сайты.
««Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді»- делінген ресми хабарламада.
Осыған байланысты, осы жылдың 24 қаңтарында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қ. уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні хабарланды.