Елімізде тауар нарығында жұмыртқа сататын делдалдар көбейген
Елімізде өңірлік тауар нарықтарының шекарасында 34 негізгі құс фабрикасы жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлаған болатын.
Мәліметке сәйкес, елімізде 2022 жылы жұмыртқа өндіру көлемінде (+4,2%), экспорттың (+0,2%) оң серпіні және импорттың 2,4% – ға қысқаруы байқалды. Бұл ретте 2023 жылы өндіріс көлемінің (-2,1%), экспорттың (-17%) төмендеуі және импорттың (+50% – дан астам) ұлғаюы анықталған болатын.
«Импортталатын премикстердің, ветеринарлық препараттардың, орауыш материалдардың қымбаттауы 2023 жылы тауық жұмыртқасы бағасының 13%-ға өсуіне себеп болды»,– делінген хабарламада.
2022 жылдың аяғы мен 2023 жылдың басында байқалған жұмыртқа бағасының өсу қарқынын төмендету үшін жедел шаралар кешені қабылданды. Жұмыртқа өндірушілер мен көтерме саудагерлерге 11 хабарлама жіберілді. Тауық жұмыртқаларын өндірушілерге қатысты 8 тергеу жүргізілді. Салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 124,8 млн теңгені құрады.
Сонымен қатар жұмыртқаларды көтерме саудада өткізу нарығын тұрақты бағалық бақылау жағдайында кәсіпкер емес жеке тұлғалар арқылы құс фабрикаларының өнімді өткізу көлемінің ұлғаюы байқалады.