Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды

Жарияланды (жаңартылды )
В Алматы произошло сильное землетрясение силой семь баллов 
Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды/ Фото:kursiv.media

ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.

https://youtu.be/1d3sWXiTL6E

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 15.1.

MPV магнитудасы 6.7.

Эпицентрдің координаттары 41.32° с. е. 78.61° с.б.

Тереңдігі 65 км.

Сезгіштігі туралы мәліметтер (MSK -64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл, Шымкент 2 балл.

«Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз.Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдар хабардар етілді, бұзушылықтардың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізілуде.
Полиция департаментінің жедел кезекшісіне қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен зақымдану тұрғысынан көзбен шолып қарау туралы ақпарат жинау үшін ақпарат жеткізілді» – делінген хабарламада.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;

3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;

4. Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыныңыз;

5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз

6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

7. Дабыл жол сандығын алыңыз ( *алдын ала дайындау қажет);*

8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;

9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз;

Сондай-ақ оқыңыз