Бельгия Украинаға Ресей активтерінен алынған кірістен 611 млн еуро береді
Бельгия 2024 жылы Украинаға Ресейдің тоқтатылған активтерінен түскен кірістен 611 миллион еуро бөледі, деп жазды La Libre басылымы. Бұл туралы Корольдіктің Қорғаныс министрі Людивин Дедондер мәлімдеді.
Министр бұл жерде Бельгияда тоқтатылған ресейлік активтердің пайыздары туралы айтып отыр.
Украинада арнайы операция басталғаннан кейін ЕО мен G7 елдері Ресейдің 300 миллиард еуроға жуық валюта резервтерінің жартысына жуығын тоқтатты.
Айта кетейік, қазан айының соңында белгиялық Euroclear Халықаралық депозитарийі 2023 жылдың тоғыз айында санкция бойынша түскен ресейлік активтерді инвестициялау кезінде шамамен 3 миллиард еуро пайда тапқаны туралы есеп берген болатын.
Еске салсақ, Еврокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Украинаға макроқаржылық көмекті ескере отырып, ЕО-ның 2024-2027 жылдарға арналған ұзақ мерзімді бюджетін қайта қарау қажеттігі туралы хабарлады. Бұл бюджетте Украинаға деген қаржылай көмек те қарастырылған.