Уран бағасының өсуі Қазатомөнеркәсіптің несие қабілетін көтерді – Fitch Ratings

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Уран бағасының өсуі Қазатомөнеркәсіптің несие қабілетін көтерді – Fitch Ratings / shutterstock және kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіптің ұлттық атом компаниясы Fitch Ratings агенттігі рейтингінде «BBB-» деңгейінен «BBB» деңгейіне көтерілді.

Компанияға қатысты Fitch Ratings болжамы «Тұрақты» деп көрсетілген. Қазатомөнеркәсіптің кредиттік рейтингі бір саты көтерілді. 

Fitch-тің пікірінше, «BBB» рейтингі Қазатомөнеркәсіптің несие қабілетінің жоғары екенін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл несиелік тәуекелдер болжамы төмен, қаржылық міндеттемелерді уақтылы өтеу қабілетін білдіреді. Қазатомөнеркәсіпті бағалауға негізінен уран бағасының оң динамикасымен левередждің төмен деңгейі және компанияның нарықтағы мығым орны мен баламалы көлік бағыттарының болуы әсер еткен.

Fitch Қазатомөнеркәсіпті дербес негізде бағалады. Алайда, бұл компанияның 75%-ына «Самұрық-Қазына» АҚ иелік ететінін де ескерген.

Бағалау кезінде сондай-ақ, компанияның уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы екендігі және уран өнімінің негізгі тұтынушыларымен тұрақты ұзақ мерзімді байланыста екендігі ескерілген.

Еске сала кетсек, Қазатомөнеркәсіп ұлттық атом компаниясы» АҚ 2024 жылға арналған өндіріс жоспарына өзгеріс енгізді. Оған себеп – уран өндіруге қажетті күкірт қышқылына  қол жеткізу күрделенгені себеп болып отыр.

Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесі Компанияның 2024 жылы өндіріс көлемін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың 90% деңгейіне дейін ұлғайтатынын мәлімдеген. Алайда жаһандық жеткізілім қиындықтарына, атап айтқанда күкірт қышқылының тапшылығына байланысты жоспарды орындау қиынға соғуы мүмкін.

«Қазатомөнеркәсіп үнемі барлық күш-жігерін жұмсап, негізгі материалдар мен реагенттерді жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда. Алайда күкірт қышқылын жеткізу төңірегінде қалыптасқан күрделі жағдай Қазақстанда да, тұтастай алғанда өңірде де қарқынды дамып келеді. Өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының шикізатқа өсіп келе жатқан сұранысын, сондай-ақ ішкі және сыртқы өңірлік нарықтағы тапшылықты ескере отырып, жеткізушілермен алдын ала уағдаластықтар 2024 жылға күкірт қышқылының талап етілгеннен аз көлемін қамтамасыз ете алды. Күкірт қышқылын жеткізудің баламалы көздерін белсенді іздеудің жалғасуына қарамастан, қазіргі болжамдар Компанияның жер қойнауын пайдалану келісімшарттарының деңгейімен салыстырғанда өндірістің 90% деңгейіне жетуі қиын болуы мүмкін екенін көрсетеді», – деп мәлімдеді компания.

Қазіргі уақытта Компания қалыптасқан жағдайдың оның операциялық қызметіне қалай әсер ететінін бағалап жатыр. 2024 жылғы 1 ақпанға дейін есептеулер жүргізіледі. Осы жылға арналған өндіріс жоспары бойынша нақтыланған болжамдар ұсынылады.

Егер күкірт қышқылы тапшылығы жойылмаса, Компания 2024 жылы жаңа кеніштерде құрылыс кестесі бойынша артта қалушылықты қысқарта алмауы мүмкін және бұл Қазатомөнеркәсіптің өндірістік жоспарларына және 2025 жылы жеткізу тізбегінеайтарлықтай теріс әсер етеді деп болжанады.

Сондай-ақ оқыңыз