«Онлайн-ҚазФинанс» микроқаржы ұйымының иелері алматылық Solva Capital компаниясына тиесілі акциялардың бір бөлігін кері сатып алуға ниетті.
KASE-де жарияланған ақпаратқа сүйенсек, өткен жылдан бастап екінші деңгейлі банкке айналуға дайындалып жатқан Solva өзінің 15,4 миллион қарапайым акциясын сатып алмақ. Бұл өткен жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша орналастырылған қарапайым акциялардың жалпы санының 17,3%-ын құрайды. Кері сатып алу шеңберінде бір қағаздың құны 104,14 теңгені құрайды. Операцияның жалпы құны 1,6 млрд теңге.
Бағалы қағаздарды сату туралы өтінімдер қабылдау директорлар кеңесі шешім қабылдағаннан кейін бір күн ішінде яғни 22 қаңтардан кейін басталады.
1 қазандағы жағдай бойынша компанияның екі акционері бар: АХҚО-да тіркелген Астана Solva Group және Алматы Solva Capital. Алғашқысы 11,2 миллион болатын 11,2% үлеске ие болды. Ал екіншісі 88,8 миллион болатын 88,8% үлеске ие.
Sоlvа Group бенефициарлары, компанияның негізін қалаушылар Борис Батин мен Александр Дунаев, сондай-ақ сингапурлық Rekemado Pte Ltd және Mutineers Pte Ltd компаниялары.
Өткен жылдың басында Solva микрокредиттік бизнесті екінші деңгейлі банк ретінде тіркеп банкке айналу жоспарын жариялады. Заңнамадағы соңғы өзгерістер арқасында мұны тиісті лицензия алғанға дейін де жасауға болады. Өткен жылы компания жарғылық капиталын 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтты. Бұл сома әдетте банктерден талап етілетін. Алайда трансформация әлі аяқталған жоқ. Сонымен қатар, бұл микроқаржы ұйымы («ОнлайнКазФинанс») $200 млн облигация шығаратынын хабарлаған еді.
Облигациялар шығарылымы Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар тізіліміне J98 номерімен енгізілген.
Бұл МҚҰ банктік лицензия алуға дайындалып және қазіргі уақытта банк болып қайта құрылып жатыр. Мұндай шешімді 2023 жылдың маусымында акционерлік қоғамның жалғыз акционері, Израиль азаматтары Борис Батин мен Александр Дунаевқа тиесілі – IDF Eurasia холдингі қабылдаған.
Ал былтыр желтоқсанда акционерлердің құрылымы өзгерді. БАӘ астанасы Абу-Дабиде тіркелген Neo Crystal Holdings Ltd компаниясы Solva-ның жаңа акционері болды. Бірақ компанияның нақты меншік үлесі көрсетілмеген. Компания өкілдері «Курсивке» «меншік құрылымына жоспарлы өзгерістер енгізіп жатқанын айтты.