Қаржы және инвестициялар әлемі үнемі өзгеріп отырады, ал инвесторлар тиімді мүмкіндіктер іздеуде серпінді экономикалық ортаға бағдарланып, дұрыс шешімдер қабылдау үшін сарапшыларға жиі жүгініп отырады. 2023 жылы Freedom Broker компаниясының талдаушылары инвестициялау үшін құнды идеялар ұсынды, олар көптеген инвестор үшін бағыт-бағдар болды. Кәсіби ұсынымдар талдамалық сараптаманы қамтып қана қоймай, сондай-ақ көптеген инвестордың стратегияларында негізгі фактор болды.
Талдаушылардың пікірінше, болашағы бар Global X Blockchain ETF (BKCH) әсерлі кірістілікті қамтамасыз етіп, 2023 жылы 263%-дан астам пайызға күрт өсті. Мұндай керемет нәтижелер бірнеше фактордың бірігуімен түсіндіріледі:
Базалық активтердің күшті нәтижелері. BKCH Coinbase, MicroStrategy және Block сияқты блокчейн-технологияларға белсенді түрде қатысатын компаниялардың индексін қадағалайды. Криптовалютаға бағалардың өсуі, сауда-саттық көлемінің ұлғаюы және блокчейн-қызметтерге деген сұраныстың артуы осы компаниялардың айтарлықтай жетістіктеріне әкелді, бұл BKCH пайдалылығына тікелей әсер етті.
Реттеу саласындағы оң өзгерістер. Криптовалюталарға қатысты сақтық шараларына қарамастан, 2023 жылы цифрлық активтерді реттеудегі кейбір оң өзгерістер инвесторлар және блокчейн саласындағы компаниялар үшін неғұрлым қолайлы жағдай туғызды.
Күтілетін Bitcoin ETF мақұлдауы. АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы (SEC) мақұлдайтын биткоин-ETF-ті іске қосу перспективасы BKCH-тің жетістігінде шешуші рөл атқарды. Бұл қадам дәстүрлі инвесторлардың криптовалютаға қол жеткізуін жеңілдетуге, нарықта дүрбелең туғызуға және блокчейнмен байланысты активтерге деген сұранысты арттыруға уәде берді.
Блокчейнді институционалды енгізудің өсуі. Goldman Sachs және Morgan Stanley сияқты ірі қаржы институттарының тарапынан блокчейн технологиясына айтырлықтай қызығушылық осы секторға деген сенімділікті арттырды. Институционалдық капиталды енгізу блокчейн әзірлеумен айналысатын компаниялар үшін қолдау факторына айналды.
Неғұрлым жоғары тәуекелге ауысу. 2023 жылдың басында инвесторлар сақтықпен 2022 жылдан кейін тәуекелі неғұрлым жоғары активтерге бейім болды. Бұл тәуекел дәрежесі технологиялар мен криптовалюталарға, соның ішінде BKCH-ге қатысты активтер үшін қолайлы факторға айналды
Сарапшылар жоғары бағалаған Uber Technologies, Inc.(UBER) үшін 2023 жыл сондай-ақ маңызды жыл болды, себебі компания акцияларының бағасы 140%-дан астам пайызға өсті. Мұндай тез көтерілу бірқатар фактордың бірігуіне байланысты:
Пандемиядан қалпына келтіру. Әлем пандемияның ықпалынан шыққан кезде такси қызметтеріне деген сұраныс күрт өсті. Адамдар офистерге оралды, сапарға қайтадан шығып, ашық ауада белсенді түрде демалумен айналыса бастады, бұл Uber-дің негізгі бизнесінің айтарлықтай өсуіне әкелді.
Әртараптандырудың пайдасы. Uber Eats және басқа да жеткізу қызметтерінің көмегімен Uber-дің такси қызметтерінен тыс кеңеюі жемісті болды. Тамақ жеткізіліміне деген сұраныстың артуы компанияның кіріс ағындарын одан әрі күшейтіп, оның нарықтағы орнын нығайтты.
Пайдалылыққа назар аудару. Инвесторларды Uber-дің пайдалылыққа көшуі шабыттандырды. 2023 жылы компания басты назарын шығыстарды тиімді басқаруға және стратегиялық серіктестікке аударды, бұл рекордтық кіріске әкеліп, талдаушылардың күткенінен асып түсті.
Нарықтың жағымды көңіл-күйі. Неғұрлым кең технологиялық секторда 2023 жылы бағалардың өсуі байқалды: инвесторлар басты назарын көрсеткіштерді ұлғайтуға бағыттаған компанияларды таңдады. Секторға қатысты бұл жалпы оптимизм Uber акциялары бағасының көтерілуінде де маңызды рөл атқарды.
Акциялар бағасының жылдам өсу факторы. Ең алдымен жүргізушілердің жетіспеушілігіне және пайдалылыққа байланысты алаңдаушылықтан туындаған Uber акцияларының айтарлықтай қысқа позициясы, өсуші қысымға тап болды, себебі компанияның көрсеткіштері күткеннен де асып түсті. Мұндай акциялар бағасының жылдам өсуі акциялар құнының өсуіне одан әрі ықпал етті.