АҚШ шетелдіктерге америкалықтардың жеке мәліметтерін сатып алуға тыйым салмақ
Жарияланды
(жаңартылды )
АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі шет мемлекеттерге Америка азаматтарының құпия деректеріне қол жеткізуге және оларды интернеттен сатып алуға тыйым салатын жарлық шығармақ. Бұл туралы CNN-ге екі анонимді америкалық шенеунік айтты.
Америкалық саясаткерлер «деректер брокерлері» деп аталатын АҚШ азаматтарының, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен әскери қызметкерлердің денсаулық жағдайы, тұрғылықты жері және телефон нөмірлері туралы ақпаратты онлайн сатып алу мүмкіндігіне қатты алаңдайды.
Жарлықты таныстыратын саясаткерлердің айтуынша, бұл Американың ұлттық қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді.
Тиісті деректеме жақын арада жарыққа шықпақ.