Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус Украинадағы байланыс тобының онлайн кездесуінде Берлин Киевке алты Sea King тікұшағын жіберетінін айтты. Бұл туралы Интерфакс ру сайты хабарлады.
Сондай-ақ ол Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету мақсатында қару-жарақ шығару қарқынын арттыру қажет деп мәлімдеді.
2022 жылы қараша айында Ұлыбритания билігі Киевке Sikorsky SH-3 Sea King тікұшақтарын беру туралы хабарлаған еді.
Айта кетейік, Германия Украинаға әскери көмек көрсетудің екінші маңызды жеткізушісі. Биыл Германия билігі Украинаға 8 миллиард еуро бөлуді жоспарлап отыр.