Франция Ил-76 ұшағы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуден бас тартты

Жарияланды
ИЛ-76
ИЛ-76 ұшағында украиндық тұтқындар болған / Фото: kursiv.media

Франция 24 қаңтарда құлаған ИЛ-76 ұшағы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуден бас тартты. Бұл жайлы Ресей Федерациясының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянский хабарлады.

Полянский Франция төрағалығының бұл шешімін билікті асыра пайдалану деп бағалады. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров осы мәселе бойынша Ресей Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрағанын хабарлады. Алайда бұл ұсыныс қабылданбаған.

«Қаңтар айында Франция Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде өз өкілеттіктерін асыра пайдалану жолын таңдады және Киев режимінің террорлық шабуылына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізу туралы ұсынысымызды қанағаттандырудан бас тартты. Ол ұшақ украиналық әскери тұтқындарды айырбастау үшін бара жатқан еді», – деп жазды Полянский Telegram арнасында.

Ол Францияның украиналықтардың уақыт ұтуы үшін отырысты созып жатқанын айтты. Отырыс Мәскеу уақытымен 26 қаңтар 01:00-ге шегерілген.

«Бір кездері даңқты француз дипломатиясының осындай ұсақ алаяқтықпен айналысып кеткені ұят», – деп жазды Полянский.

24 қаңтарда Ресей Аэроғарыш күштерінің Ил-76 ұшағы Белгород облысы Корочанск ауданы Яблоново ауылынан 5-6 шақырым жерде құлап түсті. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақта айырбастау үшін тұтқынға алынған 65 украиналық сарбаз болған.

Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладковтың айтуынша, борттағы барлық адам, соның ішінде рейс қызметкерлері мен тұтқындарды күзеткен адамдардың барлығы қаза тапқан.

Ресей Мемлекеттік Думасының қорғаныс істері жөніндегі комитетінің басшысы Андрей Картаполовтың айтуынша, Ил-76 ұшағын Украина қарулы күштері атып түсіргенін мәлімдеді. Оның дерегінще укариналық тарап америкалық Patriot зениттік-зымырандық кешенін немесе неміс IRIS-T зымырандарын пайдаланған.

Ал , бұл ресейлік ұшақ С-300 зениттік-зымыран кешеніне арналған зымырандар тасымалдаған-мыс. Бұл туралы «Украинская правда» басылымы Украина Бас штабындағы дереккөздерге сілтеме жасап жазды. Жалпы, бұл ұшақтың апатына қатысты екі тарап бір-бірін кіналауды жалғастыруда.

Сонымен қатар, Украин билігі тұрғындардан осы ұшақ апатына қатысты жалған ақпарат таратпауды сұраған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз