Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер комитеті валюталық бақылау органдарының біріне айналды

Валюталық бақылау органы/Фото:shutterstocks

Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылы 1 қаңтардан бастап валюталық бақылау органдарының біріне айналды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

««Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР 2018 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау мониторингі және бақылау, болжамды бұзушылықтар туралы ақпараттарды өңдеу, құжаттамалық тексерулерді және валюталық бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру, ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау бойынша талапты бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту практикасы, сондай-ақ валюталық істер бойынша ақпараттарды және растайтын құжаттарды ұсыну мерзімдері, оның ішінде құқық қорғау органдарына беру бойынша функциялар жүктелді»-делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер комитеті қабылдаған бірқатар шаралар валютаны репатриациялауға (қайтаруға), валюталық заңнаманы бұзуға қарсы бағытталған. Сондай-ақ, экспорттық-импорттық операцияларға мониторингті жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік алынды.

Заңнамалық актілерге қандай өзгерістер енгізілді

– Енді комитет валюталық бақылау функцияларын және оның құзыреттерін тексереді;

– Валюталық заңнаманы бұзғаны үшін адамдарды жауаптылыққа тарту функциясын беру бөлігінде өзгерістер енгізілді.

– ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне валюталық бақылауды жүзеге асыру функцияларын беру бөлігі;

– Валюталық реттеу мәселелері бойынша Кәсіпкерлік кодекске өзгерістер енгізілді;

– ҚР Ұлттық банкімен Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асырудың бірлескен қағидалары бекітілді;

Еске сала кетсек, комитет әлеуметтік желідегі «3000 теңге қарызы бар қазақстандық банкрот деп жарияланды» деген мәліметке қатысты ресми түсініктеме берген болатын.