«ҚазМұнайГазға» берілетін артықшылықты алып тастау ұсынылды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кен орындары бойынша ҚазМұнайГазға берілетін артықшылықты алып тастауды ұсынып отыр. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Осы норманың бәсекелестікке қарсы бағытын ескере отырып, құрлықтағы кен орындарында тікелей келіссөздер шеңберінде барлау және өндіру жөніндегі ұлттық компанияның басым құқығын жою мәселесіне бастамашылық жасау ұсынылады. Жобалардың технологиялық күрделігі және теңіз кен орындары бойынша алынатын қорлардың әлеуетін ескере отырып, «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ – дағы мемлекет үлесін жекешелендіру кезінде ұлттық компанияның басым құқығын жоюға бастамашылық жасау ұсынылады, – делінген «ҚазМұнайГаз» ҰК » АҚ-да мұнайды өткізу нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйін талдау және бағалау жөніндегі БҚА қорытындысында.
БҚДА «ҚазМұнайГаздың» құрлық кен орындарында конкурстарға жалпы негіздерде қатысуға мүмкіндігі бар екенін айтты. Ұлттық компанияның көмірсутектер саласындағы басым құқығы кен орнына тікелей аукцион алдында мұнай өндіруді дамытудың тежеуші факторы болып табылады.
Ұлттық компанияның құқығы барлауды қаржыландыруды ұлғайту. Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ R&D әзірлемелерінің әлеуетін жақсарту бөлігінде ынталандырушы фактор.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Каспий және ашық теңіздерде мұнай тасымалдау және Қазақстанда кеме флотын дамыту жобасын жүзеге асырып жатыр деп хабарладық.
Бұл туралы ҚМГ Көлік және логистика департаментінің директоры Ерболат Меңдібаев айтты.
2023 жылы ҚМГ БАӘ-нің порттық және логистикалық операторы Abu Dhabi Ports Group (ADP) компаниясымен келісімге қол қойған. Келісім теңіз және жағалау жүк тасымалы, Каспий аймағындағы танкер және сауда флотын дамыту мен инвестициялау бойынша стратегиялық серіктестікті қамтиды.
Ол ҚМГ мен ADP Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы ҚМГ теңіз жобасы үшін мұнайдың төгілуіне тосқауыл қою мақсатында жұмыс атқарылып жатқанын айтты. Ол дедвейті 12 мың тонна танкердің, паромдардың құрылысын қолға алып, жеткізуші кеме сатып алуды көздеп отырғанын жариялады. Румыниядағы «ҚазМұнайГаз» МӨЗ-де өндірілген мұнай өнімдерін Қара теңізде тасымалдауды ұйымдастыруға құрғақ жүк кемелері мен өнім тасымалдаушы кемені сатып алуды қаралып жатыр.
Ерболат Меңдібаевтің мәлімдеуінше, бұл бастама мұнай тасымалдаудың баламалы бағытын дамытуға оң әсер етеді.
«Үкіметтің 2022 жылғы баламалы мұнай тасымалдау бағытын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін ҚМГ мен Әзербайжанның SOCAR компаниясы жыл сайын Қазақстан мұнайының 1,5 млн тоннасын Ақтау-Баку-Джейхан бағыты бойынша тасымалдау туралы келісімге қол қойды. Бұл іс 2023 жылғы наурызда басталды. Қазіргі уақытта тасымалдау ҚМГ еншілес кәсіпорны «Қазтеңізкөлікфлоты» АҚ (ҚМТФ) иелігіндегі танкерлермен Бакудегі Ақтау порты арқылы және одан әрі Әзербайжан аумағынан Баку-Тбилиси-Джейхан порттық құбыр жүйесімен жүріп жатыр», – деді ҚМГ Көлік және логистика департаментінің директоры.
Еске сала кетсек, Қазақстанда мұнай өндіруге құйылатын инвестиция төмендеді деп хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Қазақстан 2024 жылы 90,3 миллион тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр.