Freedom Holding Corp-ке қатысты айыптаулардың негізсіз екені расталды
Morgan, Lewis & Bockius LLP заң фирмасы және Forensic Risk Alliance сот-бухгалтерлік фирмасы жүргізген тәуелсіз аудит өткен жылғы Hindenburg Research басылымы авторларының Freedom Holding Corp-ке қарсы жасаған айыптауларының жалған екенін растады. Бұл жайлы компанияның «Курсивке» жіберген баспасөз хабарламасында айтылған.
Сыртқы сараптама жасау жөніндегі шешім холдинг директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің бастамасымен жүзеге асырылған. Бұл жұмыс төрт айға созылған. Зерттеу барысында барлық құжат зерделенді. Сарапшылар компанияның Қазақстандағы және Кипрдегі кеңселеріне барып, деректерді талдап, тест өткізіп, компания қызметкерлері мен менеджерлерінен сұхбат алған. Сараптама арқылы Freedom Holding Corp. негізгі еншілес компанияларының, соның ішінде Белизде тіркелген Freedom Securities Trading Inc бөлімшесі қызметі де тексерілді.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде Hindenburg Research басылымы жария еткен айыптауларда маңызды фактілер есепке алынбағаны анықталды. Сонымен қатар онда дәлелдер де келтірілмеген. Холдингтің соңғы жылдардағы өсімі айыптауда көрсетілген «айлалы бизнес әдістерінің нәтижесі» емес, органикалық себептермен байланысты.
«Компанияның меншікті акциялар нарығына немесе өзінің активтеріне не болмаса Қазақстанның орнықтылық қорының облигацияларына қатысты айла-шарғы жасауға қатысқаны туралы ешқандай дәлелдер табылған жоқ», – делінген баспасөз хабарламасында.
Нақтырақ айтсақ, тексеріс көрсеткендей бұған қатысты да нақты ешқандай деректер анықталмады.
Сыртқы тексеріс барысында компанияның санкциялардан жалтарғаны анықталған жоқ. Санкцияға ұшыраған олигархтармен өзара іс-қимыл жасағаны туралы да ешқандай дәлелдер табылмады. Клиенттердің шоттары криптовалютаның немесе қолма-қол ақшаның көмегімен қаржыландырылғаны туралы айыптаулар да негізсіз.
Сондай-ақ Гинденбург Есебінде Freedom Holding Corp басшысының Ресейдегі еншілес компанияларды әлі де бақылауда ұстайтыны туралы жазылған болатын. Бұл айыптаулар де негізсіз болып шықты.
«Компанияының бұрынғы ресейлік еншілес компаниялары заң жүзінде сатып алу-сату мәмілесі шеңберінде сатылды және осы сатудан кейін Компанияның немесе Бас атқарушы директоры Тимур Турловтың олардың қызметін одан әрі бақылағанын растайтын ешқандай дәлелдер жоқ», – делінген баспасөз хабарламасында.
Аудит барысында заңгерлер холдинг басшылығына сәйкестік процедураларын жақсарту және операциялық сенімділікті арттыру бойынша ұсынымдар берген. Компания сол ұсыныстарды енгізу бойынша шараларды жүзеге асыруға кіріскен.
Еске сала кетсек, өткен жылдың жазында Hindenburg Research Freedom компаниясына шабуыл жасады. Сол кезде компания басшысы Тимур Турлов «Курсивке» сұхбат беріп, есепте айталғандардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген болатын.