Еліміздің сыртқы істер ведомствасы ЕО-пен қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдету мәселесін талқылауда

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
ЕО қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдетуді талқылады / shutterstock және freepik

Астанада қазақстандықтар үшін Еуропалық одақ визалық режимін жеңілдету туралы талқы болды. Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Еуропалық одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускаспен кездесу өткізді.

«Кездесу барысында тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін қозғап, ҚР азаматтары үшін ЕО елдерінің визалық режимін жеңілдету бойынша консультациялардың екінші кезегін өткізу мәселесін талқылады», – делінген министрлік хабарламасында.

Еуропалық визалық режимді жеңілдетудің бастапқы кезеңдері:

  • визаға өтінім берудің біріңғай құжаттар топтамасын енгізу;
  • консулдық алымдардың мөлшерін қысқарту;
  • өтінімдерді қарасудың мерзімін азайту;
  • көп мәртелік визалардың қолданыс мерзімін ұзарту.

Келіссөздердің нәтижесі бойынша, ҚР мен ЕО арасындағы консулдық саладағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізген.

Қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады

2024 жылдың 6 қаңтарынан бастап қазақстандықтар Сейшель Республикасына визасыз бара алады. Бұл туралы Астанада өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Смадияровтың сөзіне сүйенсек, Қазақстан Үкіметі мен Сейшель Республикасының Үкіметі 2023 жылдың 22 қыркүйегінде Нью-Йорк қаласында өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге келген.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан әлемдік паспорт индексінде 66-орынға көтерілген. Зерттеу жасаған Henley & Partners компаниясы қазақстандықтардың әлемнің 78 еліне визасыз бара алатынын жазған.

Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстан рейтингте 68-орында болып, ел азаматтары визасыз 75 елге бара алған. Паспорт индексіне 104 ел кірген. ТМД елдері арасында Қазақстаннан бөлек Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Армения мен Өзбекстан бар. Индекстің бірінші орнында бірден алты мемлекет орналасқан: Еуро Одаққа кіретін Германия, Италия, Испания және Франция мен қос Азия елі – Сингапур мен Жапония. Бұл ел азаматтары 194 елге визасыз бара алады.

Қазақстан азаматтарына визасыз баруға болатын елдер тізімі жыл сайын артып келеді. 2024 жылы қай елдерге визасыз баруға болатынын тізіп шыққан едік. Шенген аймағынан тыс Еуропа елдері мен Азияның бірқатар елдеріне есік ашылды. 3 айға дейін визасыз жүруге болатын елдер саны артты.

2024 жылы саяхатқа шығуды жоспарласаңыз, тізімдегі елдердегі саяси жағдайды анықтап алғаныңыз абзал. Украина, Ресей, Беларусь аумағы мен Таяу Шығыс елдеріне ұзақ мерзімге жоспар құрмаңыз. Егер Қырым немесе Абхазия, Оңтүстік Осетияға барып жатсаңыз, Украина мен Грузияға кіргенде қиындық болуы мүмкін.

Бірқатар елдерге шетелге шығатын паспорт жасамай-ақ, ішкі жеке куәлікпен баруға болады: Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Армения, Әзірбайжан.

Сондай-ақ оқыңыз