23 қаңтардан бері Қазақстанда 1900 астам жер сілкінісі тіркелген
Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 23 қаңтардан бастап Қазақстан аумағында 1900-ден астам жер сілкінісін тіркеді, оның 11-і сезілді.
Орталық хабарлауынша, сейсмикалық белсенділік Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған қатты жер сілкінісіне тікелей байланысты. Оның сейсмикалық толқындары жақын маңдағы елдердің, соның ішінде Қазақстанның аумағына тараған.
«Әдетте, мұндай қарқындылықтағы жер сілкіністерінен кейін көптеген афтершоктар орын алады, бұл әлі де байқалады. Бұл процестің қанша уақытқа созылатыны көптеген факторға, соның ішінде жер сілкінісінің эпиорталығы орналасқан аймақтың сейсмикасына және жер жағдайына байланысты. Бірте-бірте сейсмикалық белсендіру процесі әлсірейді және ол қалыпты режимге оралады», –делінген орталық хабарламасында.
Бұдан бөлек, министрлік дағдарыс жағдайлардағы басқару орталығының базасында республикалық жедел штабтың жұмысын жалғастырған. Маңызды объектілер, көлік және өндірістік объектілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Министрлік азаматтарды сабыр сақтап, дүрбелең тудырмауға шақырды.
Еске салар болсақ, 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 15.1.
MPV магнитудасы 6.7.
Эпицентрдің координаттары 41.32° с. е. 78.61° с.б.
Тереңдігі 65 км.
Сезгіштігі туралы мәліметтер (MSK -64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл, Шымкент 2 балл.
Бұл жағдайға байланысты Алматы әкімдігі қаланың әр аймағында ТЖ кезінде халық жиналатын орындарды ашты.
Әкімдіктің баспасөз қызметі барлық мәлімет 2ГИС Алматы платформасында орналастырылғанын, «зардап шеккен халықты қабылдау пункті» бүкіл қала бойынша ашық екенін хабарлады. Картадан халық жиналатын орындар көрсетілген нұсқаулықтар таратылды. Сонымен қажетті деректер Алматы қаласы ТЖД және аудандық әкімдіктердің ресми сайттарына орналастырылған. Жағдайды қадағалау үшін жиналу орындарына аудан әкімдіктерінің қызметкерлері барған.
Енді төтенше жағдай кезінде қазақстандықтарға SMS-хабарлама емес, «жедел хабар» жолдануы мүмкін. Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбеков осылай айтты.
Желіде жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті Нұрәлі Әлиевтің компаниясынан 1,1 млрд теңгеге жер сілкінісі туралы ерте хабарлаудың автоматтандырылған жүйесін сатып алған.