Жаңалықтар

Атыраудағы мектептерде терроризм туралы жалған хабарлама бойынша тергеу жүріп жатыр

полиция
Атыраудағы мектептерде жалған хабарлама бойынша тергеу басталды/Фото: shutterstock

Атыраудағы мектептерде терроризм актісі туралы жалған хабарлама фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаментінен хабарлады.

Полицияның мәліметінше, ІІБ-де терроризм актісі туралы жалған хабарлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Атырау қаласындағы мектептерде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы тағы да ақпарат таралуда. Осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймыз»-делінген Атырау полиция департаментінде.

Қалалық полиция департаменті азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін және тыныштықты сақтауға шақырды.


«26 қаңтардан бері құзіретті органдармен бірлесіп оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту жұмыстарын үздіксіз жүргізудеміз. Мектеп оқушылары штаттық режимде оқуларын жалғастыруда, полиция және өзге де құзырлы органдар тиісінше қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін және тыныштықты сақтауды сұраймыз! Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында»-делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарда Telegram-арналардың бірінде белгісіз адамдар Атыраудың кейбір мектептерінде жаппай қырғын ұйымдастыратыны туралы хабарлама таратты. Полиция қаланың оқу орындарын бақылауға алды. Алайда, ата-аналардың көпшілігі бұл күні балаларын мектептерге жібермеуді жөн көрді.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таратты. Осы факті бойынша полиция департаменті көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады деп хабарлаған болатынбыз.

Терроризм актісі туралы хабардың таратылуына байланысты Ақтөбе облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таралуда. Осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады», – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Полиция департаменті оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау және білім беру мекемелеріне жақын жерде полиция жасағының санын көбейту арқылы күшейтетінін мәлімдеді.

Ақтөбе мектептерінде терроризм актісі туралы жалған хабарлау фактісі бойынша полиция қызметкерлері жақын шет елдің бірінен 18 жастағы тұрғынды анықтады.

Мектептерге террор шабуыл жасалады деген ақпараттан кейін, полиция қызметкерлері мектептерді күзетіп тұр.

Ақпаратқа сүйенсек, оқу орындарында бейнебақылау жүйесі арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Арнайы жасақ білім беру ұйымдарына барынша жақын орналасқан.