Бұрынғы әділет министрі Бекетаевты қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы
Бекетаевты қамауға алу мерзімітағы бір айға ұзартылды/kursiv.media

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауға алу мерзімі 21 ақпанға дейін созылды. Бұл туралы ақпаратты «Курсив» тілшісіне Астана сотынан растады.

«Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Бекетаевты қамауда ұстау мерзімін 2024 жылғы 21 ақпанға дейін ұзартты», – делінген хабарламада.«

Осының алдында экс-министрді қамауда ұстау мерзімі 2024 жылдың 21 қаңтарына дейін ұзартылған болатын.

21 қазан күні бұрынғы Әділет министрі ұсталғаны хабарланды. Оған үлестес компанияның мүдделерін қолдап, мемлекетке үлкен зиян келтірді деген күдік тағылды. Алайда қай экс-министр екені нақтыланбаған болатын. Ол «Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды» деген күдікке ілінген.

23 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады

«Ұсталған адамның бұрынғы әділет министрі М. Бекетаев екенін растаймыз.
Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды», делінген хабарламада.

2023 жылдың 12 шілдесінде Президент «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды. Соның негізінде аталмыш комиссия және «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» құру көзделген еді. Комиссияның құрамына Үкімет мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, Парламент депутаттары мен қоғам қайраткерлері бар.

Оған дейін Әділет министрлігін Марат Бекетаев басқарды. Айта кету керек, Марат Бекетаев, Назарбаев Президент болып тұрған тұста 2016 жылғы 13 қыркүйекте және 2019 жылғы 25 ақпан күні, яғни екі рет Әділет министрі болып тағайындалған еді. Ал, Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болғаннан кейін ол бұл лауазымды 2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап атқарды.

Сондай-ақ оқыңыз