ҚазМұнайГаз бен CITIC келісімі: Ақтау битум зауытының қуаты 750 мың тоннаға артпақ
ҚазМұнайГаз және CITIC өзара ынтымақтастықты нығайтады. Келісім аясында Ақтау битум зауытының қуаты 750 мың тоннаға артады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Осы мақсатта ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев және CNCEC компаниясының бас төрағасы Хао Вэйбао кездесті.
«Тараптар Ақтау битум зауытының («CASPI BITUM» БК» ЖШС) қуатын жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін арттыру жобасының іске асу барысын талқылады»,– делінген хабарламада.
Былтыр қазан айында Тоқаев ҚМГ мен CITIC Group жобасы бойынша келісімге қол қойған болатын.
Компанияның мәлімдемесіне сәйкес, қазіргі уақытта жоба дайындық үстінде. Қытай тарапымен биыл жыл соңына дейін құрылыс жұмыстардың құрылысы басталады. Ал 2025 жылдың басында құрылысты аяқтау көзделуде.
«Қазақстан CITIC Group-пен 15 жылдан астам ынтымақтасып келеді. Біз бұл компанияның еліміздің мұнай-газ өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. ҚМГ қытайлық әріптестермен мұнай өңдеу саласында өзара байланысты нығайту бағытын сақтайды», – деп атап өтті М.Мырзағалиев.
Былтыр «ҚазМұнайГаз» қытайлық CITIC компаниясымен Caspi Bitum зауытындағы битум өндірісін жылына 750 мың тоннаға жеткізуге келісті.
Бұл келісімге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары аясында қол қойылған. Ақорданың хабарлауынша, Президент CITIC Group компаниясының басқарма төрағасы Чжу Хэсиньді қабылдаған.
Кездесу барысында энергетика, мұнай химиясы өнеркәсібі және басқа да маңызды салалардағы өзара серіктестікті нығайту мәселелері талқыланған.
Caspi Bitum зауытының өндіріс қуатын арттыру мәселесі 2022 жылдың қыркүйегінде көтерілген. Екі тарап оның қуатын 1,5 есеге арттыру мүмкіндігі талқылаған еді. Алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, мамандар жобалау жұмыстары басталғанын жазған едік.
Сондай-ақ, Қытайлық CNCEC компаниясы Атырау мұнай өңдеу зауытында газ турбиналы электр станциясын салуға атсалыспақ деп жазған едік.
CNCEC серіктестерімізбен ГТЭС жобасын іске асыру, соның ішінде кешенді жобалау, салу және қаржыландыру кезеңдері бойынша ортақ келісімге келдік. Артылған электр энергиясы Атырау халқының қажетіне берілетінін атап өткен жөн», — деді М.Мырзағалиев.