Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер органдары хабарламаны электронды поштаға жолдамайды

Мемлекеттік кірістер комитеті хабарламаны электронды поштаға жолдамайды/ Фото:shutterstocks

МКК хабарламаны электронды поштаға жолдай ала ма? Бұл сауалнамаға Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Мемлекеттік кірістер комитетіне салық төлеушілер камералық бақылау аясында заң бұзушылықтардың бар-жоғы туралы хабарламалардың таратылып жатқаны туралы шағыммен жүгінді», – делінген хабарламада.

Бұл хабарламалар салық төлеушілердің электрондық мекенжайларына жіберілген.

«Мемлекеттік кірістер комитеті камералық бақылау туралы хабарламалар салық төлеушілерге жеке қол қою арқылы немесе салық төлеушінің электрондық жеке кабинетіне хабарлама арқылы жеткізілетінін хабарлайды. Мұндай хабарландыруларды электрондық пошта арқылы жіберу қарастырылмаған»,– деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитеті.

Тиісінше, Мемлекеттік кірістер комитетінің салық төлеушілердің электронды мекенжайларына жіберілген мұндай хабарламаларға еш қатысы жоқ.

Осыған байланысты МКК салық міндеттемелерінің бар-жоғы туралы ақпаратты салық төлеушінің  сайтындағы жеке кабинетінен қарауға кеңес береді.

Сондай-ақ МКК әлеуметтік желідегі «3000 теңге қарызы бар қазақстандық банкрот деп жарияланды» деген мәліметке қатысты ресми түсініктеме берген болатын.

«Өтініш берген кезде азамат «Дебиторлармен жұмыс жөніндегі Коллекторлық агенттігі» ЖШС-і бойынша 1 738,7 мың теңге мөлшерінде қарыз сомасын көрсеткен. «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-ның деректеріне сәйкес қарыздың нақты сомасы 2 кредитордың алдында «СФК» union trust ЖШС, «Еуразиялық банк» АҚ – 1 473,3 мың теңгені құрайды. Қарыздың негізгі көрсеткіш сомасы — 962 мың теңге, орташа сома — 1,6 млн теңге, минималды сома — 2978 теңге»-делінген хабарламада.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті валюталық бақылау органдарының біріне айналатынын жазғанбыз.

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР 2018 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау мониторингі және бақылау, болжамды бұзушылықтар туралы ақпараттарды өңдеу, құжаттамалық тексерулерді және валюталық бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру, ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау бойынша талапты бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту практикасы, сондай-ақ валюталық істер бойынша ақпараттарды және растайтын құжаттарды ұсыну мерзімдері, оның ішінде құқық қорғау органдарына беру бойынша функциялар жүктелді»,делінген хабарламада.

Қабылдаған бірқатар шаралар валютаны репатриациялауға (қайтаруға), валюталық заңнаманы бұзуға қарсы бағытталған. Сондай-ақ, экспорттық-импорттық операцияларға мониторингті жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік алынды.

Заңнамалық актілерге қандай өзгерістер енгізілді

– Енді комитет валюталық бақылау функцияларын және оның құзыреттерін тексереді;

– Валюталық заңнаманы бұзғаны үшін адамдарды жауаптылыққа тарту функциясын беру бөлігінде өзгерістер енгізілді.

– ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне валюталық бақылауды жүзеге асыру функцияларын беру бөлігі;

– Валюталық реттеу мәселелері бойынша Кәсіпкерлік кодекске өзгерістер енгізілді;

– ҚР Ұлттық банкімен Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асырудың бірлескен қағидалары бекітілді;