Қазақстанға көшкен Polymetal International компаниясының ірі акционері ауысты
Ең ірі күміс және алтын өндіруші Polymetal International plc. негізгі акционерінің ауысқаны туралы хабарлады.
Оман үкіметіне тиесілі Mercury Investments International (MII) қорының еншілес ұйымы –Maaden International Investment LL кен өндіруші компанияның 23,9% акциясын сатып алған. Нәтижесінде ол компанияның ірі акционеріне айналды.
Александр Несиске тиесілі ICT Holding-тің еншілес ұйымы – Powerboom Investments Limited омандық компанияға өз иелігіндегі 113 201 189 акциясын сатқан. Мәміле нәтижесінде ICT Holding Polymetal-дағы өз үлесін толығымен өткізді. Сәйкесінше, ICT Holding өкілі Константин Янаков «Полиметал» директорлар кеңесінің құрамынан шыққан. Ал омандық компания өз өкілін директорлар кеңесінің құрамына жақын арада ұсынады. Мәміле құны жарияланбаған.
MII – Оманда тіркелген және Оман Сұлтанатының үкіметіне толық тиесілі инвестициялық компания. Ол Сұлтанаттың басым стратегиялық бағыттарына сәйкес, бірқатар халықаралық салаларға, соның ішінде тауар және қаржы секторындағы компанияларға инвестиция салады.
Ал «Полиметалдың» 23,9% акциясын сатып алған еншілес ұйымы MDI LLC компаниясының табиғи ресурстар өнеркәсібі. Соның ішінде металдар мен тау-кен өнеркәсібіне инвестиция салу үшін құрылған.
«MDI LLC компаниясының Ресей активтерін сату арқылы бизнес тәуекелдерін азайту және Қазақстанда және жалпы Орталық Азия аймағындағы өндірісті одан әрі дамытуды қамтитын Полиметалл стратегиясын толық қолдайтынын растағанына қуаныштымыз», – деді компанияның бас атқарушы директоры Виталий Несис.
Polymetal International Қазақстанға қашан көшті?
2023 жылдың мамырында «Полиметалл» Джерси аралдарынан кетіп, «Астана» ХҚО-ға тіркелуге ниетті екенін хабарлаған. Polymetal акционерлерінің 92%-ы Джерсиден АХҚО-ға көшуге дауыс берген.
«Полиметалл» директорлар кеңесі мен Комитет Ресейдегі «Полиметалл», оның еншілес компанияларына меншік құқығын тоқтатудың барлық ықтимал нұсқасы туралы маусым айының соңына дейін есеп беруге уәде берді.
Ал тамыз айында Polymetal Қазақстанға толығымен көшкенін жариялады. Компания өз акцияларына АХҚО биржасына шығару үшін бағасын белгіледі.
Редомициляция кезінде «Polymetal» Лондон қор биржасынан делистинг жасаған.
Жалпы, Лондон биржасында «Polymetal» акцияларының саудасы тамыз басында тоқтаған. Редомициляция нәтижелері бойынша компания акциялары Crest шеңберіндегі электрондық есептеулермен үйлесімді болмаған. Бұл LSE листингінің талаптарына сәйкес келмей қалады.
Polymetal – Ресейдегі ең ірі күміс өндіруші және де алтын өндірушілердің бірі. Холдинг кәсіпорындары Ресейдің Магадан және Свердловск облысында, Хабаровск, Саха, Чукотка және де Қазақстанда орналасқан. Ең ірі акционер Александр Несис және оның серіктестері.
Polymetal алдағы 2 жылда AIX биржасындағы өз акцияларының өтімділік деңгейін Лондон қор биржасында болған көрсеткіштерге дейін арттыру жоспары бар екенін жариялады.
Қараша айында компания Ресейдің Ұлттық есеп айырысу депозитарийі және ресейлік басқа депозитарийлерге салынған санкция салдарынан бұғатталған акцияларын айырбастауға ниетті екенін мәлімдеді. Бұғатталған акциялар «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) биржасында шығарылған бағалы қағаздарға айырбасталады.
Polymetal International plc. бастапқы листингінің AIX биржасына ауыстырылуы мен АХҚО-ға редомициляциясы AIX биржасындағы сауда-саттық көлемін арттырды.
Polymetal International plc. акцияларының бастапқы листингін Лондон қор биржасынан AIX-ке ауыстырған. АХҚО-ның арнайы құқықтық юрисдикциясында тіркелген алғашқы эмитент болды. Қазіргі уақытта нарықтық құны $2 млрд болатын Polymetal – АХҚО-да тіркелген ең ірі компания. Сонымен қатар AIX-те саудаланатын ең ірі тау-кен компаниясы.
Редомициляция процесі кезінде Polymetal-дың Ұлыбритания, АҚШ, Еуропа және басқа да юрисдикциялардағы 4000-нан астам акционері POLY акцияларын AIX CSD мен AIX Регистраторына аударды.
Қазақстан миноритар акционерлерінің қауымдастығы 26 қаңтарда компания акцияларының AIX-тегі сауда-саттығы $1 116 909 құрағанына назар аударды.