7 қалада ауа райы бұзылып, ауа сапасы төмендейді
29 қаңтарда Қазақстанның 7 қаласында ауа райы бұзылып, қар, тұман, көктайғақ болып, ауа сапасы төмендейді.
«Қазгидромет» хабарлауынша, 29 қаңтарда Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Петропавл, Теміртау, Өскемен, Риддер қалаларында ауа райы бұзылады.
Синоптиктер жел мен тұманның әсерінен өңірлерде көктайғақ болып, ауаның беткі қабаты ластанатынын жазған. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдай екенін де атап өткен.
Ал жалпы республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі.
Айта кетейік, осыған дейін еліміздің алты облысында дауылды алдын ала ескерту жарияланғанын жазған едік. Елдің кейбір аймақтарында жел секундына 23 метр жылдамдықпен соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде қарлы боран болады деп күтілуде. Аймақтың батысында тұман болады. Сонымен қатар, Түркістан облысында да тұман мен боран болады деп болжануда. Жел екпіні 23 м / с.
Шымкентте жел екпіні 15-20 м/с, Түркістанда тұман, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтілуде.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран болады . Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысының орталығына жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Жамбыл облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Сонымен қатар, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, алматылықтар бұл жұмыс аптасы тұман мен жауын-шашынмен басталады.
«Қазгидромет» РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші синоптикі Дәулет Қисебаевтың дерегінше, қаңтардың соңғы күндері қар жауады, таңертең тұман қалыңдайды. Түнде ауа температурасы -9°C дейін төмендейді.
29 қаңтар: көшпелі бұлт шығып, күндіз қар жауады, көктайғақ болады. Кейде тұман. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -5-7°C, күндіз 0°C шамасында.
30 қаңтар: көшпелі бұлт шығып, түнде қар жауады, күндіз де қар жаууы ықтимал. Кейде көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°C, күндіз 0+2°C.