5 жыл ішінде қысқы ойын түрлеріне баға өсті: баллонмен сырғанау 116%, мұз айдынға кіру 75% қымбаттаған
2019 жылдан бері Қазақстанда баллонмен сырғанау 116%, мұз айдынына кіру 75% қымбаттаған. Бұл туралы Freedom Life компаниясы жасаған сараптамадан кейін белгілі болды.
«Ашық дерекке сәйкес, 2023-2024 жылдың қысында ересектерге арналған коньки тебу құны 1000-нан 5000 теңгеге дейін, күндізгі шаңғы және сноуборд тебуге арналған бір реттік абонемент 1500-11400 теңге, баллонмен сырғанау 1500-3500 теңге, балалар үшін коньки тебу құны 800-2500 теңге, шаңғыда – 1000-5000 теңге, баллонда – 3000 теңге»,– делінген сараптамада.
Ойын-сауық пен қызметтер | 2019-2020 жылдағы бала/ересек адамға құны | 2023-2024 жылдағы бала/ересек адамға құны | 5 жыл ішіндегі %өсім |
Мұз айдынына кіру | 1500/800 | 2300/1400 | 53/75 |
Конькиді жалға алу | 800 | 1100 | 38 |
Ski-pass | 4000/2300 | 6200/3100 | 55/35 |
Шаңғы-сноуборд құралдарын жалға алу | 4800 | 5600 | 17 |
Инструктор | 5800 | 8500 | 47 |
Баллонмен сырғанау | 1200 | 2600 | 116 |
Коньки тебу құны:
Астана
«Алау» мұз айданы, Қабанбай батыр, 47
Құны: бала үшін – 1000 теңге, ересек адамға – 1500 теңге.
Алматы
«Медеу» , Керей-Жәнібек хандар, 465
Құны: бала үшін (0-6 жас аралығында) – тегін, ересек адамға – 1000 теңгеден бастап.
«Almaty Arena», Нұркент, 7
Құны: бала үшін – 800 теңге, ересек адамға – 1500 теңге.
«Esentai Mall», Әл-Фараби, 77/8
Құны: бала үшін – 2500 теңге, ересек адамға – 5000 теңге.
Шымкент
«Ice Arena Shymkent» , Желтоқсан, 15/2
Құны: бала үшін – 1000 теңге, ересек адамға 1500 теңге.
Ақтау
«Ақтау» мұз айдыны, 16-ықшам аудан, 11/11, «Ақтау» ОСО
Құны: бала үшін – тегін, ересек адамға – 1500 теңге.
Ақтөбе
«Mega Ice Aktobe», Мәметова, 4
Құны: балалар үшін – 1000 теңге, үлкендер үшін – 1500 теңге.
Қарағанды
«Ақжолтай» мұз айдыны, Бұқар жырау, 53а
Құны: бала үшін – тегін, ересек адамға – 2000 теңге.
Қызылорда
«Мұз айдыны», Демесінов, 57
Құны: бала үшін – 800 теңге, ересек адамға – 1000 теңге.
Павлодар
«Ice Arena», Қамзин, 67/1, «Batyr Mall» ОСО
Құны: 1100 тенге.
Биыл шаңғы мен сноубордта сырғанау қанша тұрады
Алматы
«Шымбұлақ», Керей-Жәнібек хандар, 558/1
Құны: бала үшін – 1900-4800 теңге, ересек адамға – 5800-11400 теңге.
«Oi Qaragai», Талғар ауданы, Бесқайнар ауылы, Бесқайнар, 225
Құны: бала үшін – тегін, ересек адамға – 5000 теңге.
Алматы облысы
«Ақ бұлақ», Талғар ауданы, Рысқұлов ауылы
Құны: 4500 теңге.
Ақмола облысы
«Ақ желкен», Шу санаторийі ауылы, Зеленая, 3/1
Құны: 5000 теңге.
«Елікті», Зеренді ауданы, Садовое ауылы
Құны: 9000 теңге.
ШҚО
«Stardust Camp», Верхняя Хариузовка ауылы, Энергетиков, 1/3
Құны: 4000 теңге.
«Алтайские Альпы», Глубовский ауданы, Горная Ульбинка ауылы, Алтайские Альпы, 200
Құны 4000 – 5000 теңге.
Түркістан облысы
«Тау Самалы» , Төле би ауданы, Нысанбек ауылы
Құны: бала үшін – 1000 теңге, ересек адамға – 1500 теңге.