Жаңалықтар

5 жыл ішінде қысқы ойын түрлеріне баға өсті: баллонмен сырғанау 116%, мұз айдынға кіру 75% қымбаттаған

5 жыл ішінде баллонмен сырғанау 116%, мұз айдынына кіру 75% қымбаттаған / shutterstock

2019 жылдан бері Қазақстанда баллонмен сырғанау 116%, мұз айдынына кіру 75% қымбаттаған. Бұл туралы Freedom Life компаниясы жасаған сараптамадан кейін белгілі болды.

«Ашық дерекке сәйкес, 2023-2024 жылдың қысында ересектерге арналған коньки тебу құны 1000-нан 5000 теңгеге дейін, күндізгі шаңғы және сноуборд тебуге арналған бір реттік абонемент 1500-11400 теңге, баллонмен сырғанау 1500-3500 теңге, балалар үшін коньки тебу құны 800-2500 теңге, шаңғыда – 1000-5000 теңге, баллонда – 3000 теңге»,– делінген сараптамада.

Ойын-сауық пен қызметтер2019-2020 жылдағы бала/ересек адамға құны2023-2024 жылдағы бала/ересек адамға құны5 жыл ішіндегі %өсім
Мұз айдынына кіру1500/8002300/140053/75
Конькиді жалға алу800110038
Ski-pass4000/23006200/310055/35
Шаңғы-сноуборд құралдарын жалға алу4800560017
Инструктор5800850047
Баллонмен сырғанау12002600116
Freedom Life

Коньки тебу құны: 

Астана

«Алау» мұз айданы, Қабанбай батыр, 47 

Құны: бала үшін – 1000 теңге, ересек адамға – 1500 теңге.

Алматы

«Медеу» , Керей-Жәнібек хандар, 465

Құны: бала үшін (0-6 жас аралығында) – тегін, ересек адамға – 1000 теңгеден бастап.

«Almaty Arena», Нұркент, 7

Құны: бала үшін – 800 теңге, ересек адамға – 1500 теңге.

«Esentai Mall», Әл-Фараби, 77/8

Құны: бала үшін – 2500 теңге, ересек адамға – 5000 теңге.

Шымкент

«Ice Arena Shymkent» , Желтоқсан, 15/2

Құны: бала үшін – 1000 теңге, ересек адамға 1500 теңге. 

Ақтау

«Ақтау» мұз айдыны, 16-ықшам аудан, 11/11, «Ақтау» ОСО

Құны: бала үшін – тегін, ересек адамға – 1500 теңге. 

Ақтөбе

«Mega Ice Aktobe», Мәметова, 4

Құны: балалар үшін – 1000 теңге, үлкендер үшін – 1500 теңге. 

Қарағанды

«Ақжолтай» мұз айдыны, Бұқар жырау, 53а

Құны: бала үшін – тегін, ересек адамға – 2000 теңге. 

Қызылорда

«Мұз айдыны», Демесінов, 57

Құны: бала үшін – 800 теңге, ересек адамға – 1000 теңге. 

Павлодар

«Ice Arena», Қамзин, 67/1, «Batyr Mall» ОСО

Құны: 1100 тенге. 

Биыл шаңғы мен сноубордта сырғанау қанша тұрады

Алматы 

«Шымбұлақ», Керей-Жәнібек хандар, 558/1

Құны: бала үшін – 1900-4800 теңге, ересек адамға – 5800-11400 теңге. 

«Oi Qaragai», Талғар ауданы, Бесқайнар ауылы, Бесқайнар, 225

Құны: бала үшін – тегін, ересек адамға – 5000 теңге. 

Алматы облысы

«Ақ бұлақ», Талғар ауданы, Рысқұлов ауылы

Құны: 4500 теңге. 

Ақмола облысы

«Ақ желкен», Шу санаторийі ауылы, Зеленая, 3/1

Құны: 5000 теңге.

«Елікті», Зеренді ауданы, Садовое ауылы

Құны: 9000 теңге. 

ШҚО

«Stardust Camp», Верхняя Хариузовка ауылы, Энергетиков, 1/3 

Құны: 4000 теңге. 

«Алтайские Альпы», Глубовский ауданы, Горная Ульбинка ауылы, Алтайские Альпы, 200

Құны 4000 – 5000 теңге.

Түркістан облысы

«Тау Самалы» , Төле би ауданы, Нысанбек ауылы

Құны: бала үшін – 1000 теңге, ересек адамға – 1500 теңге.