Алматы әкімдігі мемлекеттік қажеттіліктер үшін 220 жер учаскесін сатып алған

Жарияланды (жаңартылды )
222 жер учаскесі
222 жер учаскесі мемлекет қажеттіліктері үшін сатып алынған / Фото: kursiv.media

Алматы әкімдігі 200-ден астам жер учаскесін мектеп пен емхана, саябақтар үшін сатып алған. Бұл жайлы Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Былтыр Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін 222 жер учаскесі сатып алынды», – делінген хабарламада.

Жекеден мемлекеттің меншігіне өткен 222 жер учаскесі келесідей аймақта орналасқан:

  • Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайрық;
  • Бостандық ауданында жайлы мектеп салуға және Қуаныш шағын ауданындағы №18 емханаға жер уаскелері алынған;
  • Абай-Тұрғыт Озал даңғылын абаттандыру және көгалдандыру мақсатында учаскелер алынған;
  • Бостандық ауданындағы «Молодежный» саябағын салу үшін учаске сатып алынды;
  • Алатау ауданы Мұхитдинов көшесіндегі балабақшаға арналған учаске алынған;
  • Әлмерек шағын ауданындағы отбасылық-дәрігерлік амбулатория, балабақша және т.б. жобалар бойынша сатып алу аяқталған.

Жер учаскелерін сатып алу мәселесіне қатысты 2023 жылы қалада жер комиссиясының 4 отырысы өткізіліп, 2818 өтініш қаралған. Оған сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің 1478 жеке тұлғаға және 2448 заңды тұлғаға қатысты 516 оң қаулысы қабылданған. Қазіргі уақытта Алматы қаласының жер көлемі 68,3 мың гектарды құрайды.

Бұған дейін, Алматы әкімдігі пәтер сатып алуға кеңес бермейтін тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялаған еді.
Тізімген енген тұрғын үй кешендерінің құрылыс салуға рұқсат берілген құжаты толық емес. Сондай-ақ олар бастапқы жобадан ауытқып салынғаны және басқа да бұзушылықтары бар екені анықталған.

Сонымен қатар Алматы әкімдігі қала құрылысы басқармасы мен қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлескен жұмысы барысында таулы жерлерде заң талаптары мен құрылыс нормаларына мүлдем сай келмей салынып жатқан 52 нысан анықталған.

Сондай-ақ оқыңыз