«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы салық салуға жатпайтын бағалы қағаздармен мәміле жасаудың жаңа критерийін енгізуді көздейтін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Салық кодексіне түзетулер енгізу жобасына түсініктеме берді. ҰКП-ның бұл түсініктемесі «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.
Реттеуші көлемі мен санынан басқа (ай сайын кемінде 25 млн теңге және кемінде 50 мәміле) тағы бір шарт енгізуді ұсынды. Яғни ашық сауда-саттықта кемінде 10 млн дана бағалы қағаздарды міндетті түрде орналастыру қажеттілігі ұсынылып отыр. Ұлттық палатаның пікірінше, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі облигацияларды жеке орналастыруды, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасуды ескермеген. ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин мұндай жағдайларда сыйақылар салық салу объектісі болып табыла ма деген сұраққа жауап іздеді.
Сонымен қатар ҰКП әртүрлі ұйымдардың ұғымдарын, міндеттерін түсіндіруге, заңнамадағы кейбір тармақтарын атап өтті. Бизнесте туындайтын мәселелерді ескере отырып, Палата мүдделі тұлғалардың қатысуымен жобаны талқылауды талап етті.
Өткен жылдың желтоқсанында Салық кодексіне түзетулер енгізілді. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл өзгерістер қолданыла бастады. Жаңа ережелерге сәйкес, резидент заңды тұлғалардың жылдық жиынтық табысынан (МКҚ) алынған барлық дивидендтер алынып тасталмақ. Қазір оларға салық салынбайды. Ол жеке табыс салығына да, компаниялар төлейтін салықта да жоқ. 30 мың АЕК дейінгі төлемдерді алған кезде жеке тұлғаларға ЖТС салынбайды. Ал осыдан жоғары қаржыға 10% салық төлеу қажет. 2023 жылы осы Заң күшіне енгенге дейін дивидендтер алушылар 10% ставка бойынша ЖТС төледі.
Жеке және заңды тұлғаларға қатысты биржада белсенді сатылатын акциялар бойынша төлемдер салық салуға жатпайды.