Қазақстанда сегіз түрлі препарат есірткі мен психотроптық құралдар тізіміне енгізілді

Жарияланды
Медициналық препараттар тізімі кеңейтілді /Фото: shutterstocks

Медициналық препарат бойынша бақылауға алынған есірткі және психотроптық тізім кеңейтілді. Тексеруге алынған дәрі-дәрмек тізіміне жаңа сегіз препарат қосылды. Ішкі істер министрлігі бұл психоактивті заттардың қауіпті мөлшерін анықтады. Сондықтан мемлекеттік бақылауға енгізу жөнінде кезекті қаулы қабылданды.

Үкімет қаулысымен бақылауға алынған есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне өзгерістер енгізілді.

Құжатқа сәйкес, тыйым салынған медициналық препарат қатарында;

  1. Пара-флюорофентанил
  2. Брорфин
  3. Метонитазен есірткі заттары: 3-метоксифенциклидин,
  4. Эвтилон
  5. Клоназолам
  6. Диклазепам,
  7. Флубромазолам психотроптық заттар
  8. 4-метилпропиофенон есірткі өндірісінде қолданылатын прекурсор.

«Аталған заттар Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен есірткілер тізбесіне енгізілген. Бұл олардың бақылаудағы заттардың ұлттық тізіміне енуіне негіз болды. Қазақстанда азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін 700-ге жуық есірткі түрі бақыланады», – делінген хабарламада.

Былтыр желтоқсан айында ІІМ Қазақстанда есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімін кеңейтуді ұсынды.

Құжаттағы атаулар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде, алыс және жақын шетелдерде бақылауға алынған. Сондай-ақ БҰҰ-ның Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитеті ұсынған жаңа психоактивті заттарды бақылауға алуға мүмкіндік беретіні түсіндіріледі.

Еске сала кетейік, Денсаулық сақтау қызметіне бірқатар тиісті өзгерістер енгізіледі.

ДСМ-гі МӘМС жүйесіне жарна мен аударымдарды есептеу үшін ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) 10-нан 50-ге дейін ұлғайтуды ұсынды. Егер заң жобасы қабылданса, бұл өзгерістер жұмысшылардың жалпы санының 9%-на әсер етуі мүмкін. Өкілдік денсаулық сақтау саласының қаржыландырылмауына байланысты төлемдердің бес есе өсуі қажет екенін түсіндірді.

Айта кетейік, елімізде отандық өндірістегі дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың үлесін 50%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

«Елімізде бүгінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар шығаратын 15 жаңа кәсіпорын ашылды. Фармацевтика секторында 159 отандық тауар өндірушілер жұмыс істейді, олар 1018 дәрілік заттың және 1771 медициналық бұйымның түрлерін шығарады. Бұдан басқа, денсаулық сақтау мен ветеринарияға арналған 10 вакцина, 24 медициналық бұйым, 6 диагностикалық құрал және 1 паразитке қарсы препарат өндірісі жолға қойылған»,– делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, фармацевтика саласына тартылған инвестициялар көлемі өткен жылы шамамен 50,2 млн доллар құрады.

Сондай-ақ оқыңыз