Жаңалықтар

Бизнесті автоматтандыру мен басқаруға арналған қазақстандық ERP-жүйесі халықаралық нарыққа шығады

Darlean қазақстандық жаңа ERP-жүйесі
Darlean қазақстандық жаңа ERP-жүйесі әзірленді / shutterstock

Darlean – бизнесті автоматтандыру мен басқаруға арналған қазақстандық жаңа ERP-жүйесі. Ол негізінен шағын, орта және ірі бизнеске арналған.

Отандық флагманды нарыққа DAR компаниялар тобы ұсынып отыр. Компанияның негізін қалаушы Әлидар Өтемұратовтың айтуынша, Darlean нарыққа шығарылғанша, мұндай цифрлы технологияларды тек ірі бизнестер ғана қолдана алатын.

Аталған жүйенің ерекшелігі сол – компаниялар мен басшыларға уақытын 50%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Мұны компанияның custdev зерттеулері растайды.

Darlean көмегімен үлкен мекемелер қолданатын технологияларды шағын және орта бизнеске де ыңғайланған.

«Бұл қазақстандық компаниялардың топтық құрылымының ерекшелігін ескеріп, қазақстандық кәсіпкерлердің қажеттілігі негізінде жасалған ERP-жүйе. Платформаны үлкен масштабта іске қосып жатырмыз және қазақстандықтар жасаған Darlean-ді әлемнің басқа елдерінде де іске қосылады”, – деді DAR компаниялар тобының негізін қалаушысы Әлидар Өтемұратов.

Бағдарлама әзірлеушілер Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия мен араб елдерінің нарығына шығуды жоспарлап отыр.

Айта кету керек, шағын және орта кәсіпорындар үшін бизнес процестерді оңтайландыруға арналған бұл шешім Индонезия мен Қазақстан нарығында бұған дейін 5Qit атауымен жарық көрген болатын. 2023 жылы іске қосылған пилот жобаны шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін 600 қызметкер пайдалана бастады.

Бағдарламаның басты ерекшелігі – ЖИ-дің көмегімен қағазбастылық азаяды және құжаттарға ЭЦҚ арқылы қол қою қарастырылған. Жасанды интеллект өз кезегінде кездесулерден хаттама толтырады. Компания басшыларын бизнестің барлық саласынан хабардар етіп отырады. Сонымен қатар, ақпаратты бірден сараптап, іс-шараларды қадағалай алады.

ERP-жүйесінің кез келген саланың жұмыс процесін құруға мүмкіндігі бар, ал Darlean сарапшылары онбордиң мен тұтынушыларға әрі қарай жұмыс істеу, әкімшілерді дайындау бойынша қолдау көрсетеді. Оның барлық функционалы дерлік desktop үшін де, телефон үшін де ыңғайлы етіп жасалған.