Жаңалықтар

Экспортқа шығарылатын мал басына «Е-лицензиялау» порталы арқылы квота беріледі – АШМ

Ауыл шаруашылығы министрлігі экспортқа шығарылатын мал басына квоте енгізеді/Фото:

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ірі қара және ұсақ малдарды экспорттауға алты ай мерзімге сандық квота енгізеді. Шектеулер Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне қатысты да қолданылады. Бұйрық күшіне 2024 жылдың 2 ақпанынан бастап енеді.

«Шектеу шаралары «Қазақстан Республикасының аумағынан жануарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес», – делінген хабарламада.

Квота санын бөлу «Е-лицензиялау» порталында тауар экспортына лицензия беру кезінде автоматты түрде жүзеге асырылатын болады.

Квота алу жөніндегі қысқаша нұсқаулық:

  1. https://elicense.kz/?lang=ru сілтемесі бойынша өту
  2. «Тауарлар импорты, экспорты» санаты.
  • «Қызметті лицензиялау» – «Сандық шектеулер енгізілген кезде тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және импортына лицензия беру».
  1. «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беру» кіші қызметі.

«Өтініш беру үшін келесі құжаттар – сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оның қосымшасының және (немесе) толықтырудың электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың келісімін растайтын өзге құжаттың электрондық көшірмесі талап етіледі», – деп жазылған хабарламада.

АШМ мәліметінше, ірі қара және ұсақ малдарды экспорттауға лицензия алуға өтінімді 2024 жылы 2 ақпанынан бастап беруге болады.

Айта кетейік, «Азық-түлік корпорациясы» ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды жаңа тәсілмен қаржыландырады.

«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы»фермерлер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қатысуымен астықты үш жақты форвардтық сатып алуды енгізбек.

 Осылайша, 1-сұрыпты ұн, әлеуметтік нан және кеспе бағасының өсуін тежеу үшін арзандатылған бағамен азық-түлік астығын сату жоспарлануда.

«Нарықтық бағаларға байланысты бөлінетін қаржы қаражаты шегінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясының бағдарламалары арқылы қарақұмық жармасы, күріш және күнбағыс майы үшін шикізат сатып алынады. Осылайша, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерінің номенклатурасы мен көлемін біртіндеп кеңейтеді. Сондай-ақ арзандатылған азық-түлік және жемдік астықты өткізу көлемін ұлғайтады. Тұрақтандыру функцияларын жүзеге асыру шеңберінде астық нарығында Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қосылған құн салығын қайтару жүргізілетін болады. Бұл шаралар нарықтық тұрақтылықты қолдауға және Қазақстанның барлық азаматы үшін азық-түліктің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Астық бағасын мемлекеттік реттеу қажет болмаған кезде Азық-түлік корпорациясы астық сатып алуды қалыптасқан нарықтық бағалар дәлізі шегінде жүзеге асыратын болады», – делінген хабарлмада.

Экспорт үлесі 50%-ға жеткен кезде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Қазақстанның бірыңғай экспорттаушысының функцияларын орындай алады. Ол үшін 2 кезеңді аяқтау жоспарлануда.

1-кезеңде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы шағын және орта фермерлерден астықтың экспорттық партияларын шоғырландырып, сыртқы нарықтарға өткізетін болады. Сыртқы нарықтарда сатып алушыларды іздеу жүзеге асырылады. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қаржылық есептеулерге қатыспай-ақ сатып алушы мен сатушы үшін кепіл болады.

2-кезеңде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астықтың ішкі көлемін сатып алып, орталықтан экспорттайтын болады. Ол үшін экспорт көлемін және қаржы қаражатының үлкен көлемін ұлғайту қажет.

Еске сала кетсек, елімізде  балық шаруашылығына субсидия беріледі.

Балық шаруашылығын дамытуға арналған заң жобасында балық өсіру жобасына алынған несиенің пайыздық сыйақысын ішінара өтеу ұсынылып отыр.

«Балық өсіретін қожалықтар жобаға несие алады дейік. Сол кредитке ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптегі сияқты 6 пайызға дейін субсидия беріледі. Нарықта кредиттің пайыздық мөлшерлемесі 20-22 пайыз ғой, соның 6 пайызын — өзі, қалғанын — мемлекет өтеп береді», — деді Нұркен Шәрбиев.

Министрдің айтуынша, бұл балық өсіруге пайдаланатын суды беру құнының шығынын ішінара өтеуді көздейді. Бұл субсидия суармалы егістік өкілдеріне берілетін субсидияға қарап отырып әзірленді.