ЕАЭО тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай бағдарламасын әзірлейді

Жарияланды
ЕАЭО тұтынушы құқықтарын қорғаудың бірыңғай бағдарламасын әзірлейді/Фото:shutterstock

ЕАЭО тұтынушы құқықтарын қорғаудың бірыңғай бағдарламасын әзірлейді. Бұл туралы Мәжілістің Telegram желісіндегі ресми арнасы хабарлады.

«Хаттама аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңеске ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бірлескен іс-қимылдарының бағдарламасын бекіту құқығы берілген. Бұл одаққа мүше барлық мемлекеттің тұтынушыларының құқықтарын қорғаудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік береді»-делінген хабарламада.

Осылайша, электронды коммерциямен айналысатын ЕАЭО-ға мүше елдердің кез келген компаниясы өз қызметін тұтынушы елдердің ұлттық заңнамасын ескере отырып жүзеге асырады.

«Алдағы жылдары мессенджерлер, әлеуметтік желілер, маркетплейстер және басқа да түрлі платформалар мен сервистер нарығын талдау қажет. Біз осы нарықтарда қарапайым тұтынушылар, оның ішінде шағын және орта бизнеспен, жарнама берушілермен өзара іс – қимылдарын дұрыс қалыптастыруымыз керек», – деді ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Бақыт Сұлтанов 31 қаңтарда «Коммерсантқа» берген сұхбатында.

Айта кетейік, ЕАЭО бойынша экономикалық өсім бәсеңдеуі мүмкін: Тоқаев мүше елдерді 2024 жылдың сын-қатерлеріне бірлесе дайындалуға шақырды деп хабарлаған болатынбыз.

2024 жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына Армения төрағалық етеді. Бұл жайлы Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтылды.

Саммитке Тоқаевпен қатар Владимир Путин, Никол Пашинян, Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қатысқан. Сондай-ақ ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекет басшысы – Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес бейнеүндеу жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиында осы жылдың оңай болмағанын, әсіресе, жаһанды жайлаған тұрақсыздықтың күшейе түскенін атап өтті. Инфляцияның қысымы, халықаралық логистикалық тізбектердің трансформациясы, аймақтардағы қақтығыстар, санкциялық текетірестер сынды әлемдік экономиканың даму қарқынын бәсеңдететін факторлардың көп екенін айтты. Президент Қазақстанның қиындықтарға қарамастан, жылды 4,9 пайыз экономикалық өсіммен аяқтайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, Орталық Азия елдеріндегі тұтынушылық сенімділік: 2023 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысын жариялаған болатынбыз.

Еске сала кетейік, Қазақстандағы тұтынушылық сенімділік индексі (CCI) 2023 жылғы желтоқсан айында қараша айындағы рекордтық мәндерден кейін 3,5 тармаққа төмендеді. Нәтижесінде индекс 104,7 тармаққа жетті, бұл өткен жылғы 101,5 тармақты құрайтын нәтижеден жоғары. Бір айда қорытынды нәтиже есептелетін бес қосалқы индекстің барлығы төмендеді. Экономиканың жай-күйін бағалау қосалқы индексі қаттырақ төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыз