H&M акциялары 10% – ға төмендеді
H&M акциялары 10%-ға төмендеді/Фото: Reuters/Ints Kalnins
H&M акциялары Бас директор Хелена Хельмерссон жұмыстан кеткеннен кейін шамамен 10%-ға төмендеді.
Ол компанияда 1997 жылдан бері жұмыс істеді. Бұл күтпеген мәлімдеме инвесторларды дүр сілкіндірді. Сондықтан компания акциялары таңертеңгі сауда-саттық басталған кезде 9,7% – ға төмендеді.
H&M -нің желтоқсан және қаңтар айларында сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға төмендеді, деп хабарлайды Reuters.
Айта кетейік, компанияның президенті ретінде оның орнына Даниэль Эрвер келді.
Даниэль Эрвер бұл брендте 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Осылайша, Даниэль H&M флагмандық брендінің басшысы және компанияның бас директоры ретінде қос міндетті атқарады.
«Директорлар кеңесі Хеленаға компанияның дамуына қосқан құнды үлесі үшін үлкен алғыс айтады»,-деді H&M Group төрағасы Карл -Йохан Перссон.
Ол сондай-ақ, Хелена пандемия сияқты қиын кезеңдерде де топты басқарғанын айтты.
«Ал Даниэль Эрверге келетін болсақ, ол – H&M тобын одан әрі дамыту үшін қажетті қасиеттерге ие адам. Ол сауатты, тәжірибелі және мықты көшбасшы»- деді Карл -Йохан Перссон.
Еске сала кетсек, Volvo Cars акциялары Geely пакетінің бір бөлігін сатуға байланысты төмендеді.
Volvo Cars акцияларының бағалары 14% – ға төмендеді. Бұл швед автомобиль өндірушісінің ең ірі акционері-қытайлық Geely компаниясы нарықтық құнға айтарлықтай жеңілдікпен ондағы аз ғана үлесті сатты деген жаңалыққа байланысты тарихи минимумға дейін төмендеді.
Айта кетейік, Қазақстанға көшіп келген Polymetal IV тоқсанда өндірісті 15% қысқартқан.
Polymetal 2023 жылдың IV тоқсанында өндірісті 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15%, яғни 441 мың унция алтын баламасына дейін төмендетті.
Кіріс 16%, яғни 0,9 млрд долларға төмендеді. Өндіріс пен кірістің төмендеуі көбінесе 2022 жылдың IV тоқсанының жоғары базасымен түсіндіріледі. Бұл кезеңде Дукат пен Нежданинскийде сақталған өнімдер сатылымға шыққан.
Жылдық өндіріс 2022 жылмен салыстырғанда қатты өзгерген жоқ, алтын баламасында 1,714 миллион унцияны құрады. 2023 жылғы кіріс алтын мен күміс бағасының өсуіне байланысты 8%, яғни 3 3 млрд унцияға дейін өсті.
Компанияның бір жылдағы таза қарызы айтарлықтай өзгерген жоқ. 2023 жылдың аяғында 2,38 млрд долларды құрады.
Қазақстан кәсіпорындарында 2023 жылы 475 мың унция алтын баламасы алынған. Алдағы уақытта күрделі шығындарға шамамен 200 миллион АҚШ доллары жұмсалмақ. Оның ішінде Ертіс ТМК-ні дамытуға 60 миллион АҚШ доллары бөлінеді.