Елімізде кеден бекеттері жаңғыртылады

Жарияланды
Қазақстанда кеден бекеттері жаңғыртылады Фото.shutterstocks

Қазақстанда транзиттік әлеуетті дамыту және тауар айналымын ұлғайту мақсатында Үкімет Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарадағы өткізу пункттерін толыққанды жаңғыртады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

Оның айтуынша, жаңғырту жұмыстары қазіргі заманғы талаптарға сәйкес, жаңа өткізу пункттерін салуды қамтиды.

«Қазақстанда жүргізіліп жатқан жаңғырту шеңберінде мүлдем жаңа жерде «Алакөл» автомобиль өткізу пункті салынуда, оның аумағы едәуір кеңейтілуде. 2023 жылғы шілдеде «Достық-теміржол» инспекциялық-тексеру кешені пайдалануға берілді»-делінген хабарламада.

Жаңғыртумен қатар кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, цифрландыру және автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның шеңберінде Бас диспетчерлік басқармадағы кеден бекеттерін орталықтандырылған бақылау жоспарлануда.

«Жаңғырту өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді. Шекарадан ыңғайлы өту және мемлекеттік бақылау түрлерін сапалы жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалады. Қозғалыс жолағы 2-ден 6-ға дейін кеңейтіледі. Өткізу мүмкіндігі 8 есеге ұлғайтылады және тауарлар мен көлік құралдары қозғалысының барлық циклін автоматтандыру арқылы шекарадан өту уақыты 30 минутқа дейін қысқарады»-делінген хабарламада.

Салық төлеушілермен жұмыс істеудің сервистік моделі

«2019 жылғы наурыздан бастап Салық және кеден заңнамасы саласында, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және оларды көрсету мерзімдері туралы түсіндірмелер беру үшін Байланыс орталығы (1414) іске қосылды. Мемлекеттік кірістер органдарының Байланыс орталықтары 2,3 млн. астам консультация берді»-деді Ержан Біржанов.


​ Оның айтуынша, Telegram-да «Salyqbot» цифрлық консультант іске қосылды. Онда салық күнтізбесі, анықтамалықтар, калькулятор, сервистер, түрлі бейне сабақтар орналастырылған. Пайдаланушыға есептілік пен салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push-хабарламалар келіп түседі.

«Salyqbot» чат-ботында: 109,5 мың пайдаланушы тіркелді, 44 мыңнан астам өтініш өңделді.

Айта кетейік, 2023 жылдың қазан айында бейне байланыс арқылы консультация беру бойынша пилот іске қосылды. Пайдаланушылар саны – 343 салық төлеуші. Оның ішінде шетелден: Ұлыбритания, Израиль, Германия және басқа елдерден 10 бейне қоңырау қабылданды. Жобаның артықшылықтары – бейне қоңырауды кез-келген қолданушы әлемнің кез-келген нүктесінен ақысыз жүзеге асыра алады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру және кері байланыс алу үшін әлеуметтік желілер мен аумақтық бөлімшелердің ресми парақшалары жұмыс істейді.

Айта кетейік, Қытаймен шекара: «Нұр жолы» өткізу бекетінде он айда түскен түсім 3,3 трлн теңге болды деп хабарладық.

Сондай-ақ оқыңыз