МӘМС аударымдарының жоғарғы шегінің өзгеруі – ӘМСҚ түсініктеме берді
Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдар төлеу үшін табыстың ең жоғары мөлшерін бес есе ұлғайтуды көздейтін заң жобасын ұсынған. Заң жобасы «Ашық НҚА» порталында 7 ақпанға дейін талқыланады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры осыған қатысты түсініктеме берді.
Заң жобасы нені көздейді?
Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылдан бастап жоғарғы шекті ЕТЖ мөлшерінен 10-нан 50 есеге дейін арттыруды ұсынды. Бұл әділдік қағидатын қамтамасыз ету үшін қажет. Ал МӘМС енгізілген бастапқы кезеңде жарна аудару үшін қызметкердің табысы бойынша жоғары шек белгіленген. Ол 10 ең төменгі жалақыдан аспайды, яғни жарна тек 850 мың теңгеге дейінгі табыстан алынады.
Кіріс бойынша жоғары шекті көтеру не үшін қажет
МӘМС қаражатты регрессивті бөлуді қолданады. Негізі табысы төмен адамдар табысы жоғары адамдардан артық жарна төлемеуі керек. Сондықтан ұсынылып отырған норма – денсаулық шығыстары үшін жауапкершілікті неғұрлым әділ бөлуді қарастырады.
Бұл өзгеріс кімдерге әсер етеді?
Елдегі 2,3 мың қызметкердің ғана МӘМС-ке төлейтін жарнасы бес есе өседі. Ал бұл барлық жалдамалы жұмысшылардың 0,04%-ы. Яғни бұл норма 850 мың теңгеден астам табысы бар жалдамалы қызметкерлердің 9%-ына әсер етеді. Жұмысшылардың 91%-ы үшін ештеңе өзгермейді.
ӘМСҚ қорының түсіндіруі бойынша, аударымдарды ұлғайту денсаулық сақтау шығыстарын қаржыландыру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұған алдын алу, диагностика және емдеу кіреді. Медициналық қызметтер қол жетімді болады. Технологияларды енгізу аурудың ерте кезеңдерінде алдын алуға немесе өмірді сақтауға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС жүйесіне жарна мен аударымдарды есептеу үшін ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) 10-нан 50-ге дейін ұлғайтуды ұсынғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ 2024 жылы жұмыс берушілер мен бірнеше жерде жұмыс істейтін адамдар қанша жарна төлейтіні де белгілі болған.
Биыл екі немесе одан көп жерде жұмыс істейтін адамдар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен, яғни 850 мың теңгеден аспайтын табыстан ғана жарна төлейді.
Жұмыс берушілер МӘМС-ке ай сайын 25 500 теңгеден аспайтын төлем аударады. Бұл – 850 мың теңгенің 3%-ы. Ал қызметкердің төлейтін жарнасы барлық жұмыс орнынан түскен ортақ табыс негізінде есептеліп, 17 мың теңгені құрайды. Бұл – ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінің 2%-ы.
МӘМС-ке жұмыс берушілер аударатын ақша жалпы табыстың 3%-нан, ал қызметкердің төлейтін жарна 2% -дан аспауға тиіс