QazaqGaz Париждегі халықаралық арбитражда Қырғызстаннан жеңіліп қалды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
QazaqGaz Париждегі халықаралық арбитражда Қырғызстаннан жеңіліп қалды / shutterstock

Қазақстандық QazaqGaz компаниясы Париждегі халықаралық арбитражда қаралған «Қырғызгаз» компаниясына қатысты істе жеңіліп қалды.

Қырғызстандық Vesti.kg басылымының ақпаратына сүйенсек, «Қырғызгаз» (қазіргі «Газпром Қырғызстан») және «ҚазТрансГаз» (қазіргі QazaqGaz) бірлескен кәсіпорнына (БК) салынған инвестицияларға қатысты талапкердің құқықтарын бұзу туралы арызға қатысты іс қаралған.

БК«Ташкент-Бішкек-Алматы Бұқар газды ауданы» магистралдық газ құбырының Қырғызстан учаскесін жаңғыртумен және пайдаланумен айналысуға тиіс еді. «Қырғызгаз» бен бірлескен кәсіпорын арасындағы келісімге сай, «Қырғызгаз» магистралды газ құбырының активтерін бірлескен кәсіпорынға тапсырып, кейін тараптардың келісімі бойынша шарт бұзылды.

2020 жылы Талапкер (QazaqGaz) Қырғызстанға қарсы 35 млн долларға дейін өтемақы талап етіп, төрелік іс қозғады. Кейін өтемақы көлемі 15 млн долларға дейін азайды.

Төрелік істің қарау мерзімінің өтіп кеткенін ескерген. Сондай-ақ халықаралық нормаларға сай Қырғызстанның «Қырғызгаз» компаниясы үшін мемлекеттік жауапкершілік алмайтынын бекіткен. Демек республика компанияның іс-әрекеті үшін жауап бере алмайды. 

Арбитраж QazaqGaz компаниясын төрелік шығындардың 60%-ын өтеуге міндеттеді. Талапкер бір ай ішінде өте шектеулі негіздер бойынша төрелік шешімге шағымдана алады.

KursivMedia шешімге байланысты қазақстандық компанияға cұрау салды. Компания заң департаменті жауап дайындап жатқанын хабарлады.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі QazaqGaz компаниясы үкіметтің 2025 жылға дейінгі жекешелендіру жоспарында қалады. Ол 2025 жылы IPO-ға шығарылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрлік өкілінің айтуынша, компания акцияларын бастапқы орналастыру 2025 жылы өтеді деп жоспарланған.

«Самұрық-Қазына» қорының даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан Kapital.kz басылымына берген сұхбатында жекешелендіру жоспарынан QazaqGaz емес, оның балансында тұрған гольф клубы шығарылғанын айтқан. 

Десе де, Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың қолы қойылған қаулыда КEGOC пен QazaqGaz компаниясы жекешелендіру жоспарына алынып тасталатыны жазылған. 

«QazaqGaz» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» және «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы» деген бөлімдер алып тасталсын», – делінген қаулыда.

Сондай-ақ оқыңыз