Германияда әуежайдағы ереуілге байланысты жүздеген рейстер тоқтатылды
Германияда көптеген әуежайлардың қауіпсіздік қызметкерлері ереуілге шықты. Ереуіл салдарынан ел бойынша жүздеген рейс тоқтатылды, деп хабарлады Интерфакс ру сайты.
Ver.di кәсіподақ ұйымы алдағы сейсенбіде болатын ереуіл жайлы хабарлады.
Ереуіл елдің 11 әуежайында өтеді: Майндағы Франкфурт, Гамбург, Берлин, Дюссельдорф, Кельн, Штутгарт, Бремен, Ганновер, Лейпциг, Дрезден және Эрфуртта.
Әуежай операторы ADV компаниясының ақпаратына сәйкес, қауіпсіздік қызметкерлерінің бұл әрекеттеріне байланысты шамамен 1,1 мың рейс тоқтатылды.
Ver.di кәсіподақ ұйымы барлық қызметкерлер үшін жалақыны көтеруді, демалыс және мереке күндері жұмыс істегені үшін қосымша төлемдерді көбейтуді талап етіп отыр.
Бұл ретте ереуілге Мюнхен және Нюрнберг әуежайлары қатыспайды. Бірақ бұл қалаларға да барлық рейстер тоқтатылады.
Еске сала кетсек, Германия Украинаға алты Sea King тікұшағын береді деп хабарлаған болатынбыз.
Германияның қорғаныс министрі Украинадағы байланыс тобының онлайн кездесуінде Берлин Киевке алты Sea King тікұшағын жіберетінін айтты.
Сондай-ақ ол Украина қару-жарақ шығару қарқынын арттыру қажет деп мәлімдеді.
2022 жылы Ұлыбритания билігі Киевке Sikorsky SH-3 Sea King тікұшақтарын беру туралы хабарлаған еді.
Айта кетейік, Германия Украинаға әскери көмек көрсетудің екінші маңызды жеткізушісі. Биыл Германия билігі Украинаға 8 миллиард еуро бөлуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, елімізде жақында «пойыз+ұшақ» интермодальды тасымалдау пилоттық жобасы іске қосылады.
Бұл жоба «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «SCAT» әуекомпаниясы және «UvU» компаниясымен өзара ынтымақтастық аясында жүзеге асады.