Жаңалықтар

Қазақстанның бес облысында жол жабылды

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды Фото:shutterstocks

Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бес облыстағы республикалық маңызы бар тас жолдардың бес учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Жол компаниясының мәліметінше, 1 ақпанда сағат 18: 00-де Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Түркістан және Ұлытау облыстарында жолдар жабылды.

Жетісу облысында 1 жол учаскесі «Ұшарал – Достық» 84-184 км, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін – 100 км.

Қостанай облысында 1 жол учаскесі «Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау облысынын шекарасынан -Арқалыққа дейін – 83 км.

Түркістан облысында 1 жол учаскесі «Алматы-Ташкент-Термез» 593-652 км, Түркістан облысынын шекарасынан – Машатқа дейін– 59 км.

Ұлытау облысында 1 жол учаскесі «Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау к.-Қостанай облысының шекарасына дейін– 115 км жабық.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда жұмыс істеуге 773 бірлік техника жұмылдырылды.

Еске сала кетсек,бұған дейін еліміздің үш облысында жол жабылды. Республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілгені жайлы хабарладық.

Атырау облысында – 1 учаске жабылды. «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» 616-833 шақырымы, Атырау қаласы мен Жұмекен ауылы арасы.

Жетісу облысында – «Үшарал-Достық» автожолының 84-184 шақырымы жабылды. Яғни Көктұма – Достық станцияларының арасындағы 100 шақырым. Бұл аймақта боран соғып, көрініс шектеледі.

Батыс Қазақстан облысында – 3 учаске жабылған. Ол жерде жел соғып, боран ұйытқиды. Нәтижесінде көрініс шектеулі болмақ. Ауа температурасы да 0-ден төмен болады деп күтілуде.

Айта кетейік, елімізде боран, қар көктайғақ және тұман күтіледі деп хабарлаған болатынбыз.

Еліміздің солтүстік аймақтарында қар жауып, оңтүстігінде де қар мен жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ боран мен жел күшейеді. Ал Оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр, қар, көктайғақ және тұман болады.

«Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», – делінген хабарламада.

«Қазавтожол» ұлттық компаниясы — республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының операторы. Ұлттық операторға ақылы қозғалысты ұйымдастыру және жол бойындағы сервисті дамыту бойынша өкілеттіктер берілген.