Цифрландыру банктердің 20-30 жылда жасаған жұмысын бірнеше айда жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бұл туралы Freedom Holding Corp басшысы және мажоритарлық акционері Тимур Турлов Digital Almaty 2024 форумында айтты.
«Біздің инфрақұрылымдағы, соның ішінде мемлекеттік тех инфрақұрылымындағы ең шабыттандыратын нәрселердің бірі – бұл халықты қамту деңгейінің өте жоғары болуы. Қызметтердің негізгі бөлігімен халық толық дерлік қамтылған. Ол биометрияны қолдана отырып, азаматтарға шот ашатын платформа құруға мүмкіндік береді. Біз олардың интеграциясын қолдана отырып, клиент тиісті рұқсат берген жағдайда деректерді жинай аламыз және толықтыра аламыз», – деді спикер
Оның айтуынша, мемлекеттік қызметті банктің, сақтандыру компаниясының қандай да бір бизнес процестің бір бөлігі ретінде ұсынуға болады.
«Сол арқылы әртүрлі мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара әрекеттесуді барынша тиімді етуге болады. Бұл өте маңызды. Қазір қаржы секторы мен мемлекеттік сектор арасындағы сенім түрлі өнімдер бойынша тәжірибе жасауға мүмкіндік береді. Біз осы ретте санан сапаға өтіп жатқанымызды байқап отырмыз. Клиент туралы жан-жақты деректер жинақтап, оны толықтыра аламыз. Бұл жұмыс тәсілін өзгертуге мүмкіндік береді», – деді Тимур Турлов.
Осы тұста Турлов цифрлық ипотеканы мысалға алды. Оның айтуынша, бұл процесс мемлекеттің атсалысуымен жүзеге асқан.
«Банк ретінде оған қанша ақша салсақ та, егер мемлекет дайын болмаса, біз мүлдем жіксіз процесс жасай алмас едік. Жаңа және бұрын тізгінделген көліктерді автонесиелеу процесін құрған кезде адамдарға несие беру үшін біз оларды сақтандыруымыз керек екенін түсіндік. Сонымен қатар, «цифрлық форматта сақтандыру және көліктерді қарайтын адамдарды алып тастау үшін біз сатушыға сене аламыз ба, сатып алушыға сене аламыз ба, фронтты, соның ішінде сақтандыру фронтын мүмкіндігінше алып тастай аламыз ба?» дегендей көптеген мәліметтер жинауымыз керек болды. Бұл өнімдерді дұрыс басқару үшін әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік мәліметтер базасы арасында өзара әрекеттесу қажет», – деп есептейді Freedom Holding Corp CEO басшысы.
Сондықтан Турловтың сөзінше, цифрландыру арқасында ұялы байланыс операторларымен, қаржы секторындағы әртүрлі компаниялармен деректерді өте белсенді түрде алмасу қажет. Оның айтуынша, жалпы жеке деректерді қорғау, оларды ашық пайдалану қазір еліміздегі бизнес ортаның ең мықты тұсы.
«Соның арқасында біз және біздің бәсекелестеріміз халыққа кең тарайтын өнімдерді жылдам жасап шыға алады. Дәл сол біз салған цифрлық конвейердің көмегімен соңғы бір жарым жылдағы жалпы несие портфелі миллиард доллардан асты. Ол тек цифрлық қызметтер бойынша. Несиелік портфель құралдарының ешқайсысында аналогтық процесс болған жоқ», – дейді Турлов.
Турлов цифрландыру мақсатында конвейер құрған кезде клиенттерді тартуға ақша жұмсаудың қажеті жоқ деп санайды. Жалпы, қазіргі әлемде ақпарат өте тез таралады. Сол арқылы маркетингке ақша үнемдеуге мүмкіндік бар. Егер цифрлық өнім болса оның ауқымын жылдам кеңейтуге болады.
«Мықты өнім жасайтын болсаң ойын ережелерін жылдам өзгертуге болады. Мәселен, банк клиенттік базасыз 30 жыл жолға қойып, 20 млн карта берсе, қазір сол жұмысты бірнеше айда істеп шығуға болады. Бүнінде барлығы цифрлық жолмен іске асырылатынын ескерсек, күніне ашылатын шот санында шектеу жоқ. Бұның бәрі серверлердің мүмкіндігіне келіп тіреледі. Оның өзі қазір «бұлтты» платформада. Міне, осының барлығы бізді шабыттандырады. Қазақстан бұл тұрғыда көптеген елдерден көш ілгері. Мәселен, Солтүстік Американы айтуға болады. Оның ішінде заңды B2B, B2G, B2C процестерін атап өткім келеді. Нәтижесінде біз қауіпсіз түрде деректермен алмаса аламыз», – деп түйендеді сөзін Тимур Турлов.
Айта кетейік, Алматыда Digital Almaty 2024 форумы өтіп жатыр. Онда Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин қазақ тілінде сөйлейтін GPT пайда болатынын айтты. Сонымен қатар жасанды интеллект eGov-қа енгізіледі.
«Жасанды интеллекті енгізу бойынша жұмыс басталды. Сондай-ақ қазақ тілінде сөйлейтін GPT чаттың қазақстандық аналогын жасау бойынша да жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді Мусин.
Қазір Назарбаев университетімен тап осы қазақстандық әзірлеу базасында gpt чат аналогын жасау үшін жұмыс басталған.
2023 жылы банк секторының активтері 15,4% өсіп, 51,4 трлн теңгеге жеткен. Оған негізінен несие портфелінің 23,1%-ға өсуі ықпал еткен.