Мемлекеттік сатып алу шартын бұзған: ШҚО-ның үш әкімі 370 мыңнан айыппұл төлейді

Жарияланды
айыппұл төлейді
Прокуратура шемімімен Шемониха қаласының әкімі, Зевакин және Вавилон ауылдарының әкімдері айыппұл төлейді / Фото: kursiv.media

ШҚО-да үш ауыл әкіміне мемлекеттік сатып алу тәртібін бұзғаны үшін әрқайсысына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Олардың әрқайсысы 370 мың теңге айыппұл төлейді. Бұл жайлы ШҚО прокуратурасы хабарлады.

«Шемонаиха ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарттарды заңсыз жасасу фактілерін анықтады»,– делінген хабарламада.

Прокуратураның хабарлауынша қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі 3 000 АЕК-тен аспаса, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының осындай біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетiн қызметтерді бір көзден сатып алуға мүмкіндік береді.

Алайда жекелеген әкімдер бұл талаптарды ескермеген. Мәселен, Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты аталған әдіспен қысқы жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы сомасы 27,2 млн теңгеге 3 шарт жасасқан. Жұмыстың сипаты біртекті, бірақ бұл ретте қызметтің жалпы құны 3000 АЕК-тен асқан. Сәйкесінше бұл сатып алулар бәсекелестік ортада, ашық конкурс негізінде жүзеге асырылуға тиіс болған.

Дәл осындай заңсыздықтарды Шемониха қаласының әкімімен қоса Зевакин және Вавилон ауылдарының әкімдері де қайталаған.

Прокуртура қадағалау актісі бойынша Шемонаиха қаласы, Зевакин және Вавилон ауылдық округтерінің әкімдерін ҚР ӘҚБтК 207-бабының 11-бөлігі бойынша әрқайсысын 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Еске салсақ, 2023 жылы Жетісу облысының прокуратурасы 3 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алу келісімдерін тоқтатқан.

Прокуратура мемлекеттік органдардың әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарын негізсіз асыра бағалағанын анықтады. Сондай-ақ міндетті мемлекеттік сараптамасыз автожолдар салуға конкурстар жариялаған.

Тек Алакөл ауданында осындай талаптарды бұзған 10 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Оның ішінде 4 ауылдық округтің әкімдері де бар.

Сонымен бірге 85 млн теңгеге сатып алулар негізсіз деп танылды. Мемлекеттік органдар «бір көзден алу» тәсілін орынсыз қолданған. Нәтижесінде, мемлекеттік сатып алу талаптарын бұзған 74 лауазымды тұлға 13 млн теңге айыппұл төлейді

Сондай-ақ оқыңыз