Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бес облысында жол жабылды

Жарияланды (жаңартылды )
дороги
Еліміздің бес облысында жол жабылды/ Фото: shutterstock

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар жолдарға шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Қазіргі уақытта автожолдарда 337 техника және 457 адам жұмыс істеп жатыр.

Жамбыл облысында 1 жол учаскесі Алматы-Ташкент-Термез тас жолы жабылды. Онда 159 шақырымнан 238 шақырымға дейінгі 79 шақырым учаскеде (Кенен ауылы – Қайнар ауылы) көлік қозғалысы шектелді. Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Жетісу облысының 1 жол учаскесі Үшарал – Достық ст., Көктұмадан  Достық ст.дейін  күре жолы жабылды.

Қарағанды ​​облысында 1 жол учаскесі Екатеринбург – Алматы солтүстік-шығыс айналма жолының ауылдан шығатын бөлігінде Пришахтинск ауылынан Жаңа ауылғай дейінгі көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Қостанай облысында 1 учаскесі Шектеу Арқалықтан Ұлытауға дейінгі аумақта қолданылады.

Ұлытау облысында 1 жол учаскесі Жезқазған-Петропавл 137-252 шақырым. Ұлытаудан Қостанай облысына дейін – 115 шақырым.

Еске сала кетсек, кеше Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Екатеринбург-Алматы» мен «Астана-Теміртау» жол учаскелері жабылады деп хабарладық.

ҚазАвтожолдың хабарлауынша, елімізде қатты жел тұрып, боран соққандықтан, жол көрінісі нашарлады. Сондықтан «Ектеринбург-Алматы» тас жолының Жібек жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аймақта жол қозғалысы шектелді.

1 ақпанда Қазақстанда бес облыстағы республикалық маңызы бар тас жолдардың бес учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілген.

«Қазавтожол» ұлттық компаниясы — республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының операторы. Ұлттық операторға ақылы қозғалысты ұйымдастыру және жол бойындағы сервисті дамыту бойынша өкілеттіктер берілген

Сондай-ақ оқыңыз