Қытайда тағы да жер сілкінді
Қазақстандық сейсмологтар түнде Қытайда тағы екі жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы хабарлады.
ҚР ТЖМ қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 00:20-да жер сілкінісін тіркеді.
«Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) білінген жоқ»,– делінген хабарламада.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.3.
Магнитудасы – MPV 4.7.
Жер сілкінісінің координаттары – солтүстік-батыс бойынша 41,07°. 78,55°ш.б.
Тереңдігі – 5 км.
Сонымен қатар таңға жуық Қытайда тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Таңғы сағат 4:15-тегі дүмпу ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым жерде болды.
Еске сала кетсек, Қытай аумағында бұған дейін де жер сілкінді деп хабарладық.
Қазақстанда бір түнде бес рет жер сілкінген. Бұл жайлы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-ның станциялар желісі хабарлады.
«Алматы уақыты бойынша 07 сағат 43 минут 34 секундта (Гринвич уақыты бойынша – 2024 жылдың 25 қаңтары 01 сағат 43 минут 34 секунд) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 275 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан», – делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6 құраса, магнитудасы – 5,5,һ MPV. Тереңдігі 15 км. Бұл жер сілікінісін қазақстандықтар сезбеген.
Дәл осындай тербелістер таңғы 3:50-де, 4:21-де, 7:13-те, 7:24-те болған. Жер сілікінісінің ошағы 266-274 шақырым жерде Қытай аумғында орналасқан. Барлық тербеліс Қазақстанда қатты сезіле қоймаған.
Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын Алматыда жер сілкінген болатын. ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісін тіркеді.
Бұл жағдайға байланысты Алматы әкімдігі қаланың әр аймағында ТЖ кезінде халық жиналатын орындарды ашты.