«Өнеркәсіпті дамыту қоры» өз акционерінен 11,1 млрд теңге қосымша қаржы тартты

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Өнеркәсіпті дамыту қоры
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» 11,1 млрд теңге қосымша қаржы тартты. Фото: кursiv.media

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ 5500 акциясын шығарып, 11,1 млрд теңге қосымша қаржы тартты. Әр акциясының құны – 2 млн теңге.

KASE-дегі хабарламаға сәйкес, олардың бәрін жалғыз акционер – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) сатып алған.

Былтыр қыркүйек айында қор KASE-ге 20 млрд теңге болатын акцияларын орналастыратынын хабарлады. Ол кезде де бір акцияның бағасы 2 млн теңге болған.

Қордың жарияланған қарапайым акцияларының саны – 1 млн 436 мың 430 дана, орналастырылғаны – 1 млн 236 мың 430 еді.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ 2023 жылдың қарашасында 15 млрд теңгеге қайта қаржыландырылған. Қор нарығына орналастырған 7 500 қарапайым акциясын жалғыз акционері – «Қазақстан даму банкі» басымдықпен сатып алды.

Қор ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында бірқатар жобаларды қаржыландырумен айналысады. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылым саласындағы импортты алмастыру жобаларын және экспортқа бағдарланған өндірістерді қаржыландырады.

2020 жылы Индустриялық даму және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларының жұмыс істеп тұрған қаржы операторы – «ҚДБ-Лизинг»АҚ  негізінде құрылған.

Аталмыш қор 4 пайызбен автонесие беру бағдарламасының операторы болды. Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы 2022 жылдың мамырында басталған еді. Алайда қазіргі кезде автонесие қаражаты қоғамдық көлік алуға жұмсалып жатыр.

2023 жылы қазан айында Ринат Гаппаров «Өнеркәсіпті дамыту қорының» Басқарма төрағасы болып сайланды.

Сондай-ақ оқыңыз