Жаңалықтар

Үкімет 2024 жылы ел экономикасы 5,3% деңгейінде өседі деп болжайды

Банковский сектор улучшил показатели за 2023 год
Үкімет 2024 жылы ел экономикасы 5,3% деңгейінде өседі болжайды / shutterstock

Қазақстан үкіметі 2024 жылы ел экономикасы кемінде 5,3% деңгейінде өседі деп болжап отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылы инфляцияны 6-8% деңгейінде ұстау міндеті қойылған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 5,3%-дан кем болмауға тиіс.

Министрлік экономикадағы өткен жылдың қорытындысын да шығарды. Ақпаратқа сүйенсек, қабылданған шаралар нәтижесінде экономиканың өсімі 5,1%-ды құраған.

Негізгі салалардың барлығы оң динамика көрсеткен: 

  • Құрылыста – 13,3%;
  • Саудада – 11,3%;
  • Ақпарат және байланыс қызметтері – 7,1%;
  • Көлік қызметі – 6,9%;
  • Өнеркәсіп – 4,3%.

Негізгі капиталға салынған инвестиция 13,7%-ға өскен. 2023 жылдың 9 айында тікелей шетелдік инвестиция көлемі 19,7 млрд долларды құраған. Оның ішінде $11 млрд-тан астамы шикізаттық емес секторларға бағытталған. Жалпы 2 жыл қатарынан тікелей шетелдік инвестиция көрсеткіштері соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткішке жеткен – жылдық көлемі 26-28 млрд доллар.

2023 жылдың 11 айында сыртқы сауда айналымы 2,2%-ға өсіп, 126 млрд долларды құраған. Оң сауда балансы 16 млрд доллардан асты. Шикізаттық емес экспорт номенклатурасы 141 позицияға өскен.

Қазақстанның халықаралық резервтері 96 млрд долларды құрап, оның ішінде Ұлттық қордың активтері 4 млрд долларға өсіп, 60 млрд доллардан асқан.

Сарапшылар пікірі

Осыған дейін үкімет экономикалық өсім болжамы жайлы сарапшылардың пікірін берген едік.

Қаржы министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын негізге алайық. Аталған болжамға сәйкес республикалық бюджет жобасы түзіледі. Ал қазына тиынынан шашау шықса қандай жағдайға душар боларымызды ел тарихында болған әлденеше мысал дәлелдеп те қойған шығар.

«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын әзірлейтін Қаржы министрлігі түсіндірме жазбасында 2022 жылға арналған жалпы ішкі өнім бойынша есепті деректерді және 2023 жылға нақтыланған бағалауды, әлемдік экономиканың өсу қарқыны туралы халықаралық ұйымдардың болжамдарын және шикізат нарықтарындағы әлемдік бағалардың үрдістерін ескере отырып қалыптастырылған 2024-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамына сүйенетінін жазады.

Базалық сценарийге сәйкес, жалпы ішкі өнімнің реалды өсімі 2024 жылы 5,3 пайыз деңгейінде болады деп болжанады. Сөйтіп, одан кейінгі 2026-2028 жылдары 6 пайызға дейін өспек. Яғни, жалпы ішкі өнімнің жылдық орташа өсу қарқыны алдағы орта мерзімді кезеңде 5,8 пайызды құрайды. Өз кезегінде номиналды жалпы ішкі өнім болжам бойынша 2024 жылы 135 трлн теңгеден 2028 жылы 218,5 трлн теңге дейін артпақ. Сонда 4 жыл ішінде 1,6 есе өседі.