Алматы метросы 9 балдық жер сілкінісіне төтеп бере алады
Алматы метросының құрылымдары 9 балдық сейсмикалық тербеліске есептелген. Өйткені ғалымдар жер астына неғұрлым тереңірек кірсек, соғұрлым ол қауіпсіз екенін айтады. Бұл туралы «Курсив» тілшісінің ресми сауалын қала әкімдігінің баспасөз қызметі берген жауапта айтылған.
Ақпаратқа сәйкес, мамандар зілзала кезінде метрода жер бетінің тербелісі азырақ сезілетінін айтады. Сондай-ақ тоннельдердің дөңгелек қимасы ең қауіпсіз екені дәлелденді.
Метро құрылысы басталғаннан бері қалада бірнеше рет елеулі жер асты дүмпулері болды. Ал жер астында жұмыс істейтін адамдар іс жүзінде ешқандай тербелісті сезбейді.
Мамандардың айтуынша, метроны жобалау кезінде күрделі тау-кен-геологиялық жағдайлар мен қаланың жоғары сейсмикалық деңгейі ескерілді. Тоннельдер әрбір 25-30 метр сайын жер сілкінісі кезінде жерасты құрылыстарының толық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін компенсаторлармен жабдықталған.
«Метроның бағыты тектоникалық бұзылыс үстіне орналасқан жерлері бар. Бірақ ол жерлерде ғылыми-техникалық зерттеу қорытындылары бойынша деформациялық ортаның орналасуы жиілейді және 18 метр сайын салынады», – делінген ақпаратта.
Еске сала кетсек, ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісі тіркелді.
Бұл жағдайға байланысты әкімдік қаланың әр аймағында ТЖ кезінде халық жиналатын орындарды ашты.
Айта кетсек, Алматыда зілзаладан зардап шеккен адамдар саны 67-ге жетті деп хабарладық.
«2024 жыл 23 қаңтардың сағат 17:00-дағы жағдай бойынша Алматы қаласының ауруханаларына 67 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 55-сі ересек, 12-ы бала. Сегіз адам ауруханаға жатқызылды (үш ересек және 5 бала), қалған науқастар барлық қажетті тексеруден кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. Үш ересек науқас Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында жатыр. Науқастардың бірі отадан кейін жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр», – деп хабарлаған еді Алматы әкімдігі.
Сонымен қатар 23 қаңтардан бері Қазақстанда 1900 астам жер сілкінісі тіркелген.
Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 23 қаңтардан бастап Қазақстан аумағында 1900-ден астам жер сілкінісін тіркеді, оның 11-і сезілді.
Орталық хабарлауынша, сейсмикалық белсенділік Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған қатты жер сілкінісіне тікелей байланысты. Оның сейсмикалық толқындары жақын маңдағы елдердің, соның ішінде Қазақстанның аумағына тараған.