QazAvtoJol ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізді. Бұл жайлы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтөбе облысында – 3 учаске жабық. «Самара-Шымкент» жолының 776-965 шақырымы мен ЭКО Ойл ЖҚС-Қарабұтақ кентінің – 189 шақырымы жабылды. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.
Жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін де шектеулер енгізілді. «Самара-Шымкент» автожолының 965-1153 шақырымында Қарабұтақ кенті мен Ырғыз кенті арасындағы – 188 шақырымында қойылған. Сондай-ақ «Самара-Шымкент» бағытының 1153-1240 шақырымында Ырғыз кенті-Қызылорда облысының шекарасына дейінгі шақырымына дейін енгізілді. Ақтөбе облысындағы қар мен бұрқасынға байланысты көрініс шектелген.
Сонымен бірге БҚО бір учаскесінде де қар мен бұрқасынға байланысты 1 учаскеде жол жабылды. Жолаушылар Орал-Тасқала-РФ шекарасының 4-104 шақырымы аралығында және Орал қаласы -РФ шекарасы аралығында – 100 шақырым бойынша қатынай алмайды. Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді
Қарағанды облысында 1 учаскеде яғни «Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы» 0-16 км, Пришахтинск – Новостройка ауылдарының – 16 шақырымында жол жабылды. Қар мен бұрқасынға байланысты шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.
Қостанай облысында да 1 учаскеде шектеу енгізілді. Жезқазған-Петропавл бағытының 252-335 шақырымында және Ұлытау облысының шекарасы мен Арқалық қаласының 83 шақырымында. Ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық автокөліктің қатынауына шектеу енгізілген.
Ал Қызылорда облысының Самара-Шымкент бағытында 1240-1360 шақырымда және Ақтөбе облысы шекарасынан Арал қаласына дейінгі 120 шақырымда күннің бұзылуына байланысты жол қозғалысы тоқтаған. Автокөліктің барлық түріне бұл бағытта қатынауға тыйым салынған.
Ал Ұлытау облысында – 1 учаске жабылған. Жезқазған-Петропавл бағытының 137-252 шақырымы мен Ұлытау кенті мен Қостанай облысының шекарасына дейінгі 115 километрі бұрқасын мен шектеулі көрініске байланысты автокөліктің барлық түрі үшін жабылған.
Қостанай облысының кейбір аудандары қашықтан оқуға көшірілді
Қостанай облысының кейбір аудандары ауа райының қолайсыздығына байланысты онлайн форматтағы оқуға көшірілді. Лисаков қаласында ауа температурасы -3 градусқа төмендеп боран соғады. Сол себепті бірінші ауысымдағы 2-11 сынып оқушылары онлайн оқыту форматына көшірілген.
Боранға байланысты Жітіқара ауданы мектептерінің 4-сыныпқа дейінгі бірінші ауысым оқушылары онлайн оқыту форматына ауыстырылды. Ал Бейімбет Майлина ауданында бұрқасынға байланысты бірінші ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары онлайн оқыту форматына көшірілген. Сонымен бірге Науырзым және Амангелді аудандарында боранға байланысты бірінші ауысымдағы 2-11 сынып оқушылары онлайн оқыту форматына көшірілген. Меңдіқара, Федоров, Қарасу аудандарының оқушылары боранға байланысты бүгін сабақты үйден оқиды.